Жаңалықтар

Тыл ардагерінің тілегі

Облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нұғманов облыс әкімінің атынан тыл еңбеккері Ибадулла Құрмашевті мерекемен құттықтады.

1927 жылы Мәртөк ауданының Жаңатаң ауылында дүниеге келген еңбек ардагері 1930 жылдардағы аштықты бастан өткерген. Ұлы Отан соғысы басталған кезде 14 жаста болған Ибадулла ересектермен қатар колхоздың егістіктері мен фермаларында ауыр жұмысқа істеген.

— Біздің ұрпақ балалық шақ дегенді білмеді, бірақ әрқайсымыз еліміздің болашағы еткен еңбегімізге байланысты екенін білдік, — дейді 95 жастағы тыл еңбеккері.

Облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нұғманов еңбек ардагерін Жеңіс күнімен құттықтап, облыс әкімінің, облыстық мәслихат депутаттары мен аппараттың атынан ақсақалға гүл шоғы мен сыйлықтар табыс етті.

— Майданда жанқиярлықпен шайқасқан тек біздің жауынгерлеріміз ғана емес, сонымен қатар сол кездегі балалар да ортақ жеңісіміз үшін атсалысқанын үнемі есте сақтағанымыз жөн. Оларға құрмет көрсету және ардагерлерді ұмытпау — парызымыз, – деді облыстық мәслихат хатшысы.

Құттықтап барғандарға батасын берген ақсақал:

— Балаларымыз, немере-шөберелеріміз, Тәуелсіз Отанымыздың болашақ ұрпағы біздің үлесімізге тиген қайғы-қасіретті ешқашан көрмесін, — деп тілегін білдірді.

Облыстық мәслихаттың баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button