Мереке

30 жұптың некесі қиылды

15 мамырХалықаралық отбасы күні

15 мамырХалықаралық отбасы күні мерекесі қарсаңында Ақтөбе қаласындағы Неке сарайында жас жұбайлар—Жеткерген Жұмагелдин мен Айсара Маханбетованың неке қию рәсімі салтанатты түрде өтті.

Шараға Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айбек Көпенов, облыс мәдениетіне еңбегі сіңген отбасы Мағзұм-Шалқия Бақытжановтар қатысты.

Алдымен сөз алған Айбек Көпенов Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровтың атынан жас жұбайларды құттықтап, оларға неке қию туралы куәлігін, естелік сыйлық табыс етті. Жиын барысында шараның құрметті қонақтары,үлгілі отбасы— Мағзұм,Шалқия Бақытжановтар да жастарға ақ тілегін жеткізді.

Отбасын құру — үлкен жауапкершілік. Өзара түсіністік, сыйластық, сенім білдіру — отбасы беріктігінің негізі. 

Отбасын құрғанымызға 50 жыл толды. Бұл уақыттың қалай өткенін екеуміз де байқамай қалдық. Бес баламыз бар, немере сүйіп, шөбере күтіп отырмыз, — деп, Мағзұм Бақытжанов жас жұбайларды заңды некелерімен құттықтады.

Бұл күні Неке сарайында 30 жұптың некесі қиылды. Жыл басынан бері 1180 жұптың некесі тіркеліпті.

Маусым, шілде, тамыз айларында үйлену тойлары көбейеді. Әсіресе тамызда той өте көп болады. 4-5 жыл бұрын тамыз айында біркүнде 89 жұптың некесін тіркедік, — деді қалалық азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Валентина Мамбетова.

Г.БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button