Білім

«Өз тіліңді құрметте…»

Жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесіне үш тілде білім беруді енгізу —мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Кеңес дәуірі тұсында орыстілін дамытуға көбірек көңіл бөлінгені рас. Қазақстанда осындай жағдайда бірнеше ұрпақ өсті. Орыстілді халыққа екінші тілді үйренудің қажеті болмады, ал орта мектептер мен университеттерде шет тілдерін оқыту көбіне шартты түрдеғана болды. Әрбір жаңа ұрпақ үшін екінші, үшінші, төртінші тілді үйренуден бас тарту мінез-құлық нормасына айналды.90-шы жылдардан бастап елімізде қазақ және ағылшын тілдерін білу қажеттілігі туындай бастады. Біздің қоғамда мұндай тәрбиелік көзқарастар көптен бері болмаған, сол себепті халықтың екінші тілді меңгеруінде қиындықтар туындады. Мәселенің екінші жағы – оқу бағдарламалары, оқулықтар, сөздіктер. Көбіне оқыту күрделі грамматикалық материалды меңгеруге негізделген. Мектепте бала ана тілінің грамматика негіздерін әрең меңгереді, ал қазақ тілі сабағында одан қазақ тіліндегі күрделі ережелерді жатқа білу талап етіледі. Ересектер мектеп кезінен бастап ана тілінің грамматикалық ережелерін ұмытып кетті, курстар қазақ тілінің семантикасының, морфологиясының және фонетикасының теориялық негіздерін ұсынады. Сондықтан грамматикалық материалдың үлкен көлемін пайдаланатын бағдарламалардан нәтиже аз. Грамматикасыз оқыту әдісінің 4 деңгейі бар. Мұны Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының маманы Әлімхан Жүнісбеков ұсынды.

1-деңгей — достарымен, отбасымен, жұмыстағы әріптестермен, көршілермен қарым-қатынас жасау кезінде коммуникативті дағдыларды дамытатын ауызекі және күнделікті сөйлеу. Бұл материалды меңгеру үшін 300-500 сөзден тұратын лексикалық көлемді меңгеру жеткілікті.

2 деңгей — ауызекі және кәсіби сөйлеу. Күнделікті ауызекі сөйлеуді меңгерген адам өзінің қызметтік құзыреті шегінде жаңа лексикаға ауысады. Көптеген мамандықтар 50-100 сөзді қажет етеді. Қазақ тілі пәнінің студенті екінші деңгейді сәтті өткеннен кейін лексикалық минимум 400-500 сөзбен жұмыс істей алады.

3-деңгей — іскерлік әңгіме, одан да жоғары деңгей. Бұл оқу кезеңінің құзыретіне келесі тәртіптегі құжаттаманы дайындау кіреді: бұйрықтар, жұмыс режимі туралы нұсқаулар, әртүрлі үлгідегі шарттар.

4-деңгей — ауызекі және көркем сөйлеу, оқытудың ең қиын деңгейі. Егер қазақ тілін үйренушілердің жалпы санының 3-5 пайызы төртінші деңгейді меңгерсе, бұл өте жоғары көрсеткіш болмақ.

Шет тілі кабинеттерінде қазақ тілінің бейімделген грамматикасы сәтті қолданылуда. Бүгінгі таңда оқу үдерісінің даму қарқыны көп жағдайда қолданылатын инновациялық технологияларға ғана емес, сонымен қатар оқу-тәрбие жұмысын сауатты ұйымдастыруға, оқытудың тиімді білікті әдістеріне және оқуға қолайлы жағдай жасауға байланысты. Ұсынылып отырған әдістеменің мақсаты — қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесін жасау мүмкіндіктерін жан-жақты қарастыру, жинақталған материалдар әр қырынан, тұтас және жүйелі түрде қарастырылады. Лингвистика пәні мұғалімдері педагогикалық еңбек пен тәжірибеге сыни көзқарасты қалыптастырып, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және шетелдік мамандардың әдістемелік тәжірибесімен танысу негізінде өз біліктіліктерін үнемі жетілдіріп отыруы қажет.

Тіл мамандары мен қазақ тілі мұғалімдерінің мақсаты, негізгі міндеті — оқу-әдістемелік жинақтарды жасау. Оқу-әдістемелік кешендерді жасау үшін қазақ тілін оқыту әдістемесінің, оқулықтардың мазмұнының, оқу үрдісінің мазмұнының безендірілуінің қалыптасқан құрылымын өзгерту қажет.

Гаухар ЕСЕНАМАНОВА,

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев

атындағы Ақтөбе заң институтының

оқытушы-әдіскері.

Басқа жаңалықтар

Back to top button