Жаңалықтар

Облыстық штаб құрылды

Референдум

Кеше облыстық әкімдікте 5 маусымда өтетін референдумды қоғамдық қолдаудың облыстық штабы құрылды. Түстен кейін Шығармашылық академиясында аталған штабтың алғашқы жиыны өтті.

Жиынға референдумды қоғамдық қолдаудың облыстық штабы құрамына енген мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, өңірдің ірі кәсіпорындары, шағын және орта бизнес субъектілерінің, мәдениет, білім, спорт және денсаулық сақтау салаларының өкілдері қатысты.

— Кеше Мемлекет басшысы республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Енді референдумның ойдағыдай өтуіне атсалысуымыз керек. Менің екі ұсынысым бар: біріншісі — референдумға қатысқан адамдар өзгертулерді жалпы қолдамай, міндетті түрде әр баптың тұсына «иә», «жоқ» деп қол қоятындай мүмкіндік болса екен. Екіншісі — Конституциямызда мемлекеттік тілге басымдық беріліп, 7-баптың екінші тармағын алып тастау жөніндегі ұсыныс. Осы баптың үшінші тармағында «Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды» деп жазылған. Осы баптың өзінен-ақ ешкімді шеттетпейтініміз көрініп тұр, — деді қоғамдық штабтың жетекшісі Сұлтанбек Тәшкенбай.

Бір ай уақыт ішінде қоғам белсенділері аудандарды аралап, тұрғындармен кездесіп, Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен түзетулердің мазмұнын жеткізетін болады.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button