Әдебиет

Өжет ойлы ақын

Әдеби кеш

Көрнекті ақын Сәбит Баймолдиннің туғанына 80 жыл толуына орай Ноғайты ауылындағы Сағыз модельді кітапханасында «Өжет ойлы, іңкәр жүректі ақын» атты әдеби кеш өтті.

Кешке ауылдың ақсақалдар кеңесінің төрағасы Төлеген Жұмабаев, Ақынның жары Жантөренің іні-келіні Айзақ Әбілхан мен Бейбітгүл Қаймақбаева, Сағыз орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары, кітапхана оқырмандары қатысты.

Кеште ақынның «Бұлақ бойында», «Туған жерден мына біз не алмадық?», «Әйтеуір Отан болып сөйлейміз біз», «Табиғат шіркін таза ғой», «Дос жыры» секілді, туған жер, адамгершілік, табиғат тақырыбындағы басқа да көптеген өлеңдері оқылды. Арнайы шақырылған кеш қонақтары Айзақ Әбілхан мен Бейбітгүл ҚаймақбаеваСәбит ақын туралы сағынышқа толы естеліктерімен бөлісті. Өз естеліктерінде олар ақынның туған жерге, туған жердің адамдарына деген махаббатын, тілеулестігін,әрдайым ізгілікке, әділдікке жақтас болғанын айтты.

Шараның әдемі жыр, әсем әнмен өрнектелуіне Сағыз орта мектебінің мұғалімі Бақытгүл Құлметова, 8-класс оқушылары Ақжол Досан, Нұрай Төлеген, Аягүл Багонбай, Көркемай Қуантайқызы, Әйкен Өрдек, Нұржанар Базар, т.б. атсалысты. Ал 6-класс оқушысы Абзал Әлібек өзінің ақын Сәбит Баймолдинге арнаған өлеңін оқыды.

Кеш соңында кітапханашы Ләззат Ыбырай «Жыр — жүректің бұлағы» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

Ләззат ТӨЛЕУ,

Сағыз модельді кітапханасының меңгерушісі.

Байғанин ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button