Жаңалықтар

Мейірімді мектеп

Ақтөбе қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінде «Мейірім шуағы» атты қайырымдылық концерті ұйымдастырылды.

Мектепте мұндай шаралар жиі өтіп тұрады екен.

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылды«Балалар жылы» деп жариялап, балаларға ерекше назар аудару керектігін айтты. 2020 жылы мектеп ұжымы мен еріктілер тобы 100 отбасына азық-түлік қоржындарын таратса, былтыр «Аяла» балаларды қолдау орталығына азық-түлік қоржындарын апардық. Сонымен қатар  көмекке мұқтаж 57 отбасыға азық-түлік, ет өнімдері алып берілді. Биыл мектебіміздің жас мамандары мен 9-11 сынып оқушылары бірігіп 10 отбасыға ет пен азық-түлік салынған қоржын дайындады,—дейді мектеп директоры Сәбит Шүйтенов.

Шара барысында ұстаздар да акциядан қалыс қалмай, 3 оқушыға спорттық киімдер алып берді.Қайырымдылық акциясына  ата-аналар да демеушілік көрсетті.

С.ЖҰБАНҒАЗИН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button