Жаңалықтар

Оқушылар редакцияға келді

Ақтөбе қаласындағы №33 қазақ орта мектебінің оқушылары «Ақтөбе Медиа» ЖШС-на келіп, өңірдегі журналистиканың қара шаңырағы «Ақтөбе» мен «Актюбинский вестник» газеттерінің тарихымен кеңінен танысты.

Алдымен оқушылар редакциядағы музей залын аралады. Ондағы 1939-1940 жылдардағы облыстық газеттердің тігінділерін, журналистер қолданған ескі фотоапараттар мен машинкаларды, баспасөз ісіне қатысты басқа да құралдарды көрді.

Содан кейін ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Үш таған» журналының бас редакторы Ертай Ашықбаевпен кездесті. Ақынның тағылымды әңгімелерін тыңдады:

— Қазір жастарға оқуға түсуге мүмкіндік мол. Болашақта өздерің таңдаған мамандықтың нағыз иесі болу үшін жан-жақты білімді болуларың керек. Ол үшін әдеби кітаптарды көбірек оқу қажет. Себебі әдебиет адамның миын шынықтырады. Миы шынықпаған адамнан білікті мамандық иесі немесе белгілі ғалым шығуы қиын. Әдебиетті адам өзіне рухани азық алу үшін оқиды. Сондықтан әдебиеттің кез келген мамандыққа пайдасы бар, — деді Ертай Ашықбаев.

Кездесу соңында оқушылар ақынға өздерін қызықтырған түрлі сауалдарын қойды. Оқушыларды, әсіресе, мамандық таңдау, журналистика, әдеби кітаптарды оқуға қатысты сұрақтар қызықтырды.

А.ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button