Мәдениет

Үздіктер анықталды

Ақтөбе қаласындағы №3 балалар музыка мектебінде облыстық білім басқармасы мен «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған «Сайра, бұлбұл» атты облыстық байқау өтті.

Байқауға облыс аудандарындағы және Ақтөбе қаласындағы қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің білім алушылары қатысты. Олар жас ерекшелігіне байланысты әр түрлі топқа бөлініпвокал, фортепиано, аккордеон, баян, флейта, кларнет номинациялары бойынша сынға түсті.

Төрешілер жас өнерпаздардың орындаушылық шеберлігін, әртістік қабілетін, сахна мәдениеті мен орындалатын шығарманың күрделілігін бағалады.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының дипломдарымен, Алғыс хаттарымен марапатталды.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button