Денсаулық

Екпе алуды ұмытпаңыз

Облыста коронавирус инфекциясына қарсы QazVac, Sinofarm, Комирнати (Pfizer) вакциналары қолжетімді.Қазіргі таңда еліміздің әрбір азаматы және Қазақстан аумағында 3 ай немесе одан да көп уақыт тұрғандар осы  вакциналардың кез келгенін алуына боладыәріревакцинациядан өте алады.

Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысына сүйенсек, Ақтөбе қаласында коронавирус инфекциясына қарсы ревакцинаны 66631 (46,4%) адам салдырған. Вакцинаны алғаннан кейін оны куәландыратын электронды паспорты беріліп, ол жерде соңғы алған вакцинаның, ревакцинаның алған күні көрсетіледі.

COVID-19 коронавирус инфекциясынан қорғанудың ең тиімді жолы — вакцина алу екенін еске саламыз.

Мәншүк НҰРЖАНОВА,

Ақтөбе қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық

бақылау бөлімінің бас маманы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button