Денсаулық

Сақтық шараларын ұмытпайық

Қазіргі таңда елімізде короновирус инфекциясына қарсы жүргізілген вакцинация және ревакцинация жұмыстары оң нәтижесін көрсетіп отыр.

Вакцинация алудың өз көрсеткіштері бар. Науқастың жеке ауру тарихын зерттей отырып, обьективті жағдайына қарай вакцинацияға жіберіледі.

Коронавирус инфекциясының нақты емі жоқ. Алайда барлық симптомдарын және қосымша соматикалық ауруларын ескере отырып, симптоматикалық ем тағайындалады. Асқынулардың алдын алу мақсатында барлық дәрі-дәрмектер амбулаторлы түрде қадағаланып, беріледі.

Науқастан коронавирус инфекциясының бар-жоғын анықтау мақсатында обьективті және диагностикалық зерттеулер жүргіземіз. Нақты коронавирусты инфекцияны анықтау үшін ПЦР Covid-19 анализі алынады.

Індеттің алдын алу үшін қала тұрғындарына келесідей сақтық шараларын ұсынамыз: Қолыңызды үнемі сабынмен жуыңыз (кем дегенде 20 секунд),

күн сайын есік тұтқаларын, қосқыштарды, телефондарды, пернетақталарды, дәретханаларды, кран мен раковиналарды антисептиктермен залалсыздандырыңыз. Вирус жұқтыру ықтималдығы жоғары елдерге барғаннан кейін (аурудың белгілері болмаса да) оқшаулау режимін сақтаңыз. Осылайша сіз жақындарыңызды және көпшілікті инфекцияның таралуынан сақтайсыз.

Қазіргі таңда қоғамдық орындарда шектеу шаралары алынып тасталса да, коронавирус инфекциясы симптомсыз жүруі де мүмкін екенін есте ұстаған жөн.

 М.НҰРТАЗИН,

№4 қалалық емхананың

бас дәрігері.

Басқа жаңалықтар

Back to top button