Басты жаңалықтар

Көктемгі-далалық жұмыстарға дайындық қалай?

Облыс басшысы Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында көктемгі-далалық жұмыстарға дайындық жайы талқыланды. Биыл 722,3 мың гектарға егіс салу жоспарлануда. Жалпы, егіс алқабының 52 пайызы дәнді дақылдар, 34,6 пайызы мал азықтық және 11,8 пайызы майлы дақылдар, 0,9 пайызын картоп, 0,7 пайызын көкөніс және бақша дақылдары құрайды.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының негізгі үлесі немесе 76,7 пайызы дәстүрлі түрде облыстың төрт өңіріне — Әйтеке би, Қарғалы, Мәртөк және Хромтау аудандарына тиесілі.

Облыс әкімі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қажетті көлемде минералды тыңайтқыштармен, тұқыммен, жанар-жағармаймен, техникамен және басқа да ресурстармен уақтылы қамтамасыз етуді тапсырды.

Жиын барысында егіс жұмыстарына қаржылай қолдау көрсету, егіс науқаны кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау мәселелері де талқыланды.

Қазіргі таңда облыста шаруалар 2,2 мың тонна минералды тыңайтқыш пен 210,5 мың литр гербицид сатып алуға келісімшарт жасасқан. Ауыл шаруашылығы дақылдарының 38 мың тонна тұқымы дайындалды. Ауыл шаруашылығы техникасының негізгі түрлерінің көктемгі дала жұмыстарына дайындығы 97 пайызды құрап отыр.

Жиын барысында облыс әкімі өңір елді мекендеріндегі санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстарын күшейтуді де талап етті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button