Экономика

КҮН ТӘРТІБІНДЕ — ГАЗ ЖӘНЕ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Облыс әкімінің орынбасары Қалижан Әбдірайымовпен сұхбат

— Облыста газға қосу мәселесі қомақты қаржы салымын талап етеді, осы жұмыс Ақтөбе өңірінде қандай қарқынмен жүргізілуде? Соңғы жылдары қандай жұмыстар жүзеге асырылды? Қанша қаражат жұмсалды?

— Тіршіліктің қолайлы жағдайларын қалыптастырудың басты шарттарының бірі — елді мекендерді газдандыру болып табылады.

«Ақтөбе облысының елді мекендерін газдандыру» өңірлік бағдарламасын іске асыру аясында 2006-2010 жылдары газға қосудың 25 нысаны пайдалануға берілді, жалпы алғанда 720 шм газ құбырының желілері тартылды, бұл мақсаттарға 9 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалды.

2010 жылы ғана Алға ауданының Тамды, Павловка, Қайнар ауылдарын және Ақтөбе қаласының Благодарный ауылдық округінің Шилісай ауылын газдандыру бойынша жұмыстары аяқталды.

— Ауылдық елді мекендерді толығымен газға қосу мүмкін бе? Осы мақсатты жүзеге асыру барысында қандай қиыншылықтар кездеседі?

— Осыдан бұрын айтылғандай, бұл шаруа  ауқымды қаржы салымын талап етеді және техникалық жағынан өте күрделі процесс болып табылады.

Ақтөбе облысының аймақтарын дамытудың Өңірлік бағдарламасы ауқымында 2015 жылға дейін жалпы облыс бойынша  газға қосудың 147 жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Бұл шараларға 50 млрд. теңгеден астам қаражатты қарастыру қажет. Жоспарланған іс-шараларды іске асыру нәтижесінде облыстағы ауылдық елді мекендердің 50 пайыздан астамы газдандырылады немесе облыстың 700 (91%) мыңнан астам тұрғындары газға қол жеткізеді.

Жалпы алғанда барлық елді мекендерді газдандыруды 2020 жылға дейін аяқтау жоспарлануда.

— Алдағы жылдары қандай аудандар және елді мекендер газбен қамтылады?

— 2011 жылы Байғанин және Қобда аудандары орталықтарында жеткізуші газ құбырының құрылысын аяқтап, ішкікварталдық газ желілерінің құрылысын бастау көзделіп отыр.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Әйтеке би ауданының Қарабұтақ,  Ырғыз ауданының Ырғыз ауылдарына және облыстың 27 ауылдық елді мекендеріне газ жеткізу басталды. Бұл мақсаттарға 2011 жылға ғана 6,8 млрд. теңге қаралған. Нәтижесінде ауылдың 47 мыңнан астам тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізеді.

№1 қосымшаны қараңыз.

Алдағы жылдары бірінші кезекте «Бұқара – Орал» және «Жаңажол – Ақтөбе» газ магистральдарының желілеріне жақын орналасқан елді мекендер газдандырылады.

— Елбасы «Болашақтың іргесін бірге қалайық» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету ең басты міндеттердің бірі екенін атап көрсетті. Ақтөбе облысында бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылуда? Облыста соңғы жылдары іске асырылған «Ауыз су» мемлекеттік бағдарламасының нәтижелері қандай?

— 2002-2010 жылдар аралығында жалпы құны 12,1 млрд. теңгеге 968 шм су құбыры желілері салынды және қайта жаңғыртылды, жалпы саны 340 мың адамды құрайтын 81 елді мекеннің тұрғыны немесе облыс халқының 44 пайызы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді.

Осының ішінде 11 мың адамды құрайтын 20 елді мекенде сумен жабдықтау жүйесі салынып, 329 мың адамды құрайтын 61 елді мекенде су құбырлары қайта жаңғыртылды және күрделі жөндеуден өтті.

— Бүгінгі таңда халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету қанша пайыз құрайды? Ауылдық елді мекендердегі орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қолжетімділігі қаншалықты өсті?

— Егер 2002  жылдың 1 қаңтарына облыста бар 441 ауылдық елді мекеннің  59 (13%) елді мекені орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесін пайдаланса, 2011 жылдың 1 қаңтарына 441 ауылдық елді мекеннің орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінен 97 (24%) ауыл қамтамасыз етілген.                                           Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі таңда облыс халқының 87 пайызы немесе 675 мың тұрғыны ауыз сумен қамтамасыз етілген, оның ішінде ауылдық елді мекендерде 199 мың адам сумен қамтылған.

— Ағымдағы жылы және алдағы кезеңдерде қандай жобалар іске асырылатын болады?

— 2011 жылы облыс халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 29 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде 13 нысан келесі жылға ауыспалы және 16 жаңа құрылыс жобалары бар. Ағымдағы жылы аудан орталықтары — Комсомол селосы, Алға қаласы, сонымен қатар Алға ауданы Самбай ауылында, Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылында, Мәртөк ауданы Жайсаң ауылында және т.б. 24 елді мекендерде құрылыс басталды. Аталған жобалардың құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін 2011 жылға 3,3 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Сонымен қатар 411 шм су құбыры желілерін салу және қайта жаңғырту, 52 мыңға жуық тұрғындардың сумен қамтамасыз ету жағдайын жақсарту жоспарланып отыр.

№2 қосымшаны қараңыз.

Сонымен бірге ағымдағы жылы ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтаудың 20 нысаны бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуде. 2012 жылы Әйтеке би ауданының Құмқұдық, Алға ауданының Ильинка, Болгарка, Сарықобда, Байғанин ауданының Қазақстан, Мәртөк ауданының Байтұрасай, Веренка, Вознесеновка, Байнассай, Полтавка, Коминтерн, Шевченко, Қазан, Студенческое, Саржансай, Қарғалы ауданының Велиховка, Қобда ауданының Егіндібұлақ, Шалқар ауданының Жылтыр және Ақтөбе қаласының Пригородное, Қызылжар елді мекендері бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын қаржыландыру жоспарланып отыр.

— Қандай елді мекенде бұл проблема, әсіресе, өткір болып табылады және тұрғындар осы мәселенің шешілуін қанша уақыт күтуі қажет?

— Бүгінгі таңда су құбыры суымен жоғары деңгейде қамтамасыз етілген елді мекендер — Хромтау (93%), Шалқар (88%) және Алға (82%) аудандары, ал Байғанин (52%)  және Мәртөк (59%)  аудандары төмен деңгейде қамтамасыз етілген.

Бірінші кезекте тұрғындар саны ең көп елді мекендер сумен қамтамасыз етілетін болады.

Жалпы алғанда 2015 жылға дейін орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне 90 ауылдық елді мекендердің тұрғындары қол жеткізе алады, осылайша облыста елді мекендердің жартысына жуығы сумен қамтамасыз етілетін болады.

2020 жылға дейін біздер барлық ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Бұл мақсатқа 90 млрд. теңгеге жуық қаражат жұмсалатын болады.

— Сумен жабдықтау желілерінің тозғандығы тұрақты айтылатын таптаурынды  әңгімеге айналып кетті. Осы орайда қандай шаралар қолданылып жатыр?

— Жүргізілген талдаулардың нәтижесі негізінен барлық су құбыры желілерінің 25-40 жыл бұрын пайдалануға берілгенін көрсетіп отыр. Сондықтан құбырлардың даттануына байланысты су аққылар, су құбыры желілері тез тозады және істен шығады.

Осы проблемаларды шешу үшін «Жол картасы» бағдарламасы ауқымында 2009-2010 жылдары аралығында жалпы сомасы 4,7 млрд. теңгеге 94,4 км су құбыры желілері қайта жаңғыртылды. Нәтижесінде желілердегі ақаулар 15 пайызға дейін азайды, тасымалдау кезіндегі су шығындары 2,8 пайызға дейін қысқартылды, суды бұрғылау кезіндегі су ұңғымаларының дебиті 6 мың текше метрге дейін өсті.

Сонымен бірге 2010 жылы инженерлік желілерді дамыту бағдарламасы бойынша 4,6 млрд. теңге бөлініп, оның ішінде 107 шақырым су желілеріне жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстар ағымдағы жылы жалғасын тауып, 110 шақырым су желілерін жетілдіру жоспарланған.

Мәселені түбегейлі шешу үшін «2015 жылға дейін ауылдық аймақтарды дамыту» бағдарламасы қабылданды, онда Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы  секторын дамытудағы негізгі аспектілердің барлығы есепке алынған.

Елбасының Жолдауына сәйкес тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін дамыту шеңберінде қаржыландырудың жаңа концептуальды әдісі қарастырылуда. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жүйесіне шаруашылық субъектілерінің, бюджеттің және инвесторлардың қаражаттары тартылатын болады.

Жалпы алғанда 2015 жылға дейін коммуналдық кәсіпорындарының жұмыстары апаттық-қалпына келтіруден жоспарлы-алдын алу жұмыстарына ауысады.

— Өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті  Үкіметке жекеменшік капиталды су шаруашылығы секторына барынша тарту үшін тиімді ынталандыру шараларын әзірлеуді тапсырған. Осындай жағдайлар Ақтөбе облысында кездесе ме? Кәсіпкерлерді қалайша қызықтыруға болады?

— «Ауыз су» салалық бағдарламасын іске асыру барысында жекеменшік капиталдың есебінен сомасы 80,8 млн.  теңгені құрайтын су құбыры желілері құрылысының 7,8 километрі және қайта жаңғыртудың 7,2 километрі қаржыландырылды. Соның ішінде жеке меншік капиталдың есебінен Темір ауданы Кеңкияқ ауылының сумен жабдықтау жүйесін күрделі жөндеу, Ырғыз ауданы Құйылыс ауылының су тазартқыш құрылғыларының құрылысы және Мұғалжар ауданы Саға ауылының су құбыры желілерінің құрылысы қамтамасыз етілген.

Бүгінгі таңда облыс әкімдігінде Еуропаның Қайта жаңғырту және Даму Банкінің қаражаттарын облыстың су шаруашылығы секторына тарту бойынша қажетті жұмыстар атқарылуда.

Елбасының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан жекеменшік капиталды су шаруашылығы секторына тарту тетіктері әзірлену барысында. Сумен жабдықтау және кәріз жүйесінің инвестициялық тартылымдығын арттыру мүмкіндіктері, салынған инвестицияларды қайтару кепілділігінің тетіктері қарастырылуда.

— Елбасы өзінің Жолдауында жер асты суларының әлеуетін кеңінен пайдалануды, жаңа сумен жабдықтау нысандарының құрылысы барысында жүйелік тәсілдерді қолдануды тапсырған болатын. Бізде бұл қалай жүргізілуде? Бізде қандай қорлар бар?

— Ақтөбе облысын ауыз сумен жабдықтаудың негізгі қайнар көзі жер асты сулары болып табылады, басқа баламалы көздер жоқ (таулы өзендер, ашық су қоймалары). Ашық су қоймалары негізінен ауыл шаруашылығы дақылдарын суару, тоған шаруашылығында және кен қазушы, қайта өңдеу салаларының басым өнеркәсіп кәсіпорындарын техникалық сумен қамтамасыз ету үшін қолданылады.

Заңға сәйкес жер асты суларының қорын барлаусыз (бекіту) пайдалануға және салуға тыйым салынған. Бүгінгі таңда облыстың 411 елді мекеннің ішінен 139-ында бекітілген ауыз су қорлары бар. Ал 272 елді мекенде жер асты суларын пайдалану мерзімдері аяқталған немесе тіпті жоқ.

Бұл бағытта біз Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жерді пайдалану комитетімен осы елді мекендердегі су қорларын бағалау және қайта бекіту бойынша бірлескен іздеу-барлау жұмыстарын атқарып жатырмыз. Ағымдағы жылы облыстың 24 ауылдық елді мекеніндегі жер асты суларының көздерін іздеу-барлау жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз.

Болашақта бұл жұмыс жүйелі түрде жалғасады.

1 қосымша

2011 жылы ауыспалы және жүзеге асырылатын газбен жабдықтау нысандарының
ТІЗІМІ

Жобаның атауы

Жобаның сметалық құны, млн.теңге

2011 жылға дейін қаржыландыру

2011 жылға жоспар

2012
жылға жоспар

1

Айтекеби ауданының Қарабұтақ ауылына  жеткізуші газ құбырының құрылысы

1 109,8

114,8

994,9

2

Алға  ауданының Қарабұлақ ауылына  жеткізуші газ құбырының құрылысы

347,6

63,9

283,7

3

Алға  ауданының Тоқмансай ауылын газдандыру

39,1

39,1

4

Байғанин кентінің орталығынан магистральды газ құбырын салу

2 659,1

1070,0

1589,1

5

Ырғыз  ауданының КС-13 Шетырғыз-Ырғыз жеткізуші газ құбырының құрылысы

3 717,6

138,9

3578,7

6

Қарғалы  ауданының Ш.Қалдаяқов ауылына  жеткізуші газ құбырының және ішкі кварталдық газ тарату желілерінің құрылысы

281,3

3,3

278,1

7

Қарғалы  ауданының Петропавловка ауылына  жеткізуші газ құбырының және ішкі кварталдық газ тарату желілерінің құрылысы

385,2

1,4

383,8

8

Мәртөк  ауданының Родниковка ауылына  жеткізуші газ құбырының және ішкі кварталдық газ тарату желілерінің құрылысы

538,1

20,4

105,8

411,9

9

Мәртөк  ауданының Нагорное ауылына  жеткізуші газ құбырының және ішкі кварталдық газ тарату желілерінің құрылысы

337,7

337,7

10

Мәртөк  ауданының Қаратоғай ауылына  жеткізуші газ құбырының құрылысы

300,1

300,1

11

Мұғалжар ауданының Жем қаласына   жеткізуші газ құбырының және ішкі кварталдық газ тарату желілерінің құрылысы

268,1

62,99

205,1

12

Мұғалжар ауданының Бірлік қаласына   жеткізуші газ құбырының және ішкі кварталдық газ тарату желілерінің құрылысы

351,0

30,0

65,8

255,2

13

Мұғалжар ауданының Жұрұн  ауылына  жеткізуші газ құбырының құрылысы

589,8

54,5

535,4

14

Мұғалжар ауданының Мұғалжар ауылына  жеткізуші газ құбырының құрылысы

1 662,5

222,2

1440,3

15

Қобда ауданының Қобда ауылына  жоғары қысым жеткізуші газ құбырының құрылысы

3 083,1

1200,0

1883,1

16

Қобда ауданының Қобда ауылына  ішкікварталдық газ құбырының құрылысы

216,2

216,2

17

Алға  ауданының Богословка ауылына  жеткізуші газ құбырының құрылысы

58,8

58,8

18

Алға  ауданының Шибаевка ауылына  жеткізуші газ құбырының құрылысы

10,2

10,2

19

Ақтөбе қаласы Өлке ауылына жеткізуші және ішкікварталдық газ құбырынын құрылысы

23,5

23,5

20

Мұғалжар ауданы Аққемір ауылына жеткізуші және ішкікварталдық газ құбырынын құрылысы

27,4

27,4

21

Алға  ауданының Прогресс (Маржанбұлақ) ауылына  жеткізуші және ішкікварталдық газ құбырының құрылысы

28,8

28,8

22

Алға  ауданының Қарақұдық (Черноводск) ауылына  жеткізуші және ішкікварталдық газ құбырының құрылысы

12,8

12,8

23

Хромтау  ауданының Абай ауылына  жеткізуші газ құбырының және ішкі кварталдық газ тарату желілерінің құрылысы

381,0

111,1

269,9

24

Хромтау  ауданының Никельтау ауылына  жеткізуші газ құбырының және ішкі кварталдық газ тарату желілерінің құрылысы

610,8

111,1

499,7

25

Шалқар  ауданының Қотыртас ауылына  жеткізуші газ құбырының және ішкі кварталдық газ тарату желілерінің құрылысы

649,4

28,3

56,2

564,9

26

Шалқар  ауданының Жылтыр  ауылына  жеткізуші газ құбырының құрылысы

217,6

13,5

102,7

101,4

27

Ақтөбе қаласының Белогорка ауылына  жеткізуші газ құбырының және ішкі кварталдық газ тарату желілерінің құрылысы

253,7

22,1

47,3

184,2

28

Мұғалжар ауданы Ембі қаласының ауылішілік газ тарату желілерінің және Жем қаласына газ құбырын бұру құрылысы

372,7

165,3

207,4

29

Байғанин ауданы Қарауылкелды ауылына ішкікварталдық газ тарату желілерінің құрылсы

916,8

46,7

109,9

760,3

Барлығы

19 449,7

2 600,9

6 763,3

10 085,5

2 қосымша

2011 жылы ауыспалы және жүзеге асырылатын сумен жабдықтау нысандарының
ТІЗІМІ

Жобаның атауы

Жобаның сметалық құны, млн.теңге

2011 жылға дейін қаржыландыру

2011 жылға жоспар

2012
жылға жоспар

1

Хромтау ауданы Тассай елді мекенінің су құбыры желілерін қайта жарақтау

145,5

72,0

73,5

2

Ойыл ауданы Қаратал елді мекенінің су құбыры желілерін қайта жарақтау

124,4

62,0

9,4

53,1

3

Хромтау ауданы Құдықсай елді мекенінің су құбыры желілерін қайта жарақтау

119,7

50,0

10,5

59,3

4

Қобда ауданы Өтек елді мекенінің су құбыры желілерін қайта жарақтау

116,6

58,0

58,6

5

Шалқар ауданы Бегімбет елді мекенінің су шаруашылығы имараттарын қайта жарақтау

109,6

54,0

55,6

6

Мұғалжар ауданы Жұрын елді мекенінің су құбыры кешенін қайта жарақтау

190,5

90,0

15,1

85,4

7

Қобда ауданы Қызылжар елді мекенінің су құбыры желілерін қайта жарақтау

146,8

73,4

73,4

8

Хромтау ауданы Ақжар елді мекенінің су құбыры жүйесінің құрылысы

406,1

50,0

356,1

9

Ойыл ауданы Көптоғай елді мекенінің су құбыры желілерін қайта жарақтау

119,7

60,0

9,0

50,7

10

Қарғалы ауданы Григорьевка елді мекенінің су құбыры желілерін қайта жарақтау

311,0

150,9

160,1

11

Қобда ауданы Ақраб елді мекенінің су құбыры желілерін қайта жарақтау

193,8

60,0

20,1

113,7

12

Әйтеке би ауданы Әйке-Тереңсай топтық су құбырын қайта жарақтау

437,1

60,0

22,5

354,6

13

Қарғалы ауданы Степное елді мекенінің су құбыры кешенін қайта жарақтау

227,3

100,0

127,3

14

Қобда ауданы Жиренқопа елді мекенінің су құбыры желілерінің құылысы

187,9

80,0

107,9

15

Алға ауданы Самбай елді мекенінің су құбыры жүйесін қайта жарақтау

112,8

112,8

16

Қобда ауданы Әлия елді мекенінің су құбыры жүйесінің  қайта жарақтау

168,2

168,2

17

Мәртөк ауданы Қаратоғай елді мекенің су құбыры желілерінің құрылысы

224,3

224,3

18

Мұғалжар ауданы Ақкемір елді мекенінің су құбыры желілерін және имараттарын қайта жарақтау

222,4

222,4

19

Қарғалы ауданы Бородиновка елді мекенінің су құбыры жүйесін қайта жарақтау

113,7

113,7

20

Алға ауданы Қарабұлақ елді мекенінің су құбыры жүйесін қайта жарақтау

100,0

100,0

21

Алға ауданы Есет батыр Көкұлы (Павловка) елді мекенінің су құбыры жүйесін қайта жарақтау

258

258

22

Мәртөк ауданы Жайсан елді мекенінің су құбыры желілерінің құрылысы

303,5

180,2

123,3

23

Ақтөбе қаласы Сазды елді мекенінің су құбыры жүйесінің құрылысы

280,0

1,7

278,3

24

Алға ауданы Қарақобда елді мекенінің су құбыры кешенінің құрылысы

111,5

111,5

25

Әйтеке би ауданы Комсомол елді мекенінің магистралды жеткізгіш су құбырының құрылысы

405,2

329,5

75,7

26

Ойыл ауданы Қараой елді мекенінің су құбыры кешенінің құрылысы

236,5

112,2

124,3

27

Мәртөк ауданы Родниковка елді мекенінің су құбыры желілерін және имараттарын қайта жарақтау

183,9

169,0

14,9

28

Қобда ауданы Сарбулақ елді мекенінің су құбыры кешенінің құрылысы

174,0

160,0

14,0

29

Алға ауданы Алға қаласының 2-ші желінің магистральды арынды су тартқышын қайта жаңарту

341,2

47,0

294,2

Барлығы

6071,3

940,3

3381,7

1749,3

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button