Мәдениет

Филармонияның наурызы

Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясында Наурыз мейрамын ұлықтау үшін «Халқы мықтының салты мықты»атты мәдени шара өтті. Өнер орталығының фойесін еағаш үйлер тігіліп, қызметкерлер белсене атсалысты.

Ұлттық салт-дәстүрлерді ұлықтаған шарада 7 ауыл бойынша жүлде тағайындалды. Әр ауыл өздері дайындаған қазақтың салт-дәстүріне қатысты көріністер қойып, оған қазылар баға берді.

Мерекеге арнайы келген облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова өнер иелерін Наурыз мейрамымен құттықтады.

Өнер саласындағы шығармашылық ұжымдардың Наурыз тойын басқалардан кейін тойлауының себебі бар.

Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияның қызметкерлеріНаурыз мейрамы кезінде жұртпен бірге демалмайды. Мереке күндеріхалыққа қызмет көрсететін болғандықтан, өз ұжымымызда бұл мереке жыл сайын сәуір айының алғашқы күнінде тойланады. Оның үстіне індетке байланысты 2 жыл өтпей қалды. Сондықтан кәсіби өнер иелері Барыс жылын тойлауға түгел қатысты,— дейді филармония директоры Елубай Кенжалиев.

Мерекелік шара«Қазақ елі» атты театрландырылған көрініспен басталып, салт-дәстүрлер байқауына ұласты. «Күшіміз — бірлікте» деген атпенарқан тартыс,асық ату,гір көтеру,қол күрес,ләңгі тебусекілді спорттық ойындар және «Бата жарыс»,«Ән жасыру», «Интеллектуалды сұрақтар»  сайыстары ұйымдастырылды.

Арнайы шақырылған қазылар алқасы шешімімен жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Бас жүлдені жеңіп алған Қазақ камералық хоры тобына ноутбук табысталды.

Мерекелік сайыстың қортындысы бойынша 1-орын алған классикалық музыка ансамблі принтерге ие болса, 2-орынды А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптары оркестрі алды. Бұл топқа музыкалық орталық берілді. Ал 3-орынның сыйлықтарын «Арайлы Ақтөбе» ансамблі, «Аққу» би ансамблі мен «Екі Езу» сатира театры бөлісті.

Сонымен қатар Наурыз мейрамына белсене қатысқан «Достық сазы» фольклорлық ансамблі және «Саз» балалар студиясы арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Мерекеге облыстағы өнер саласында қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққан ардагерлер арнайы шақырылды.

С.ЖҰБАНҒАЗИН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button