Басты жаңалықтарМереке

Құрметті жерлестер!

Сіздерді мұсылман қауымы үшін ұлық мереке — қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Рамазан әлемнің барша мұсылмандары үшін жылдың ең маңызды айы болып табылады. Бұл мереке адамның өзін-өзі кемелдендіруімен және рухани тазаланумен теңестіріледі.

Рамазан — сабыр мен төзім, береке мен бірлік, мейірім мен шапағат айы. Адамдарды бауырмалдыққа, кешірімді болу мен төзімділікке тәрбиелеп, азаматтарымызды қайырымды істер жасауға және мұқтаж жандарға қол ұшын беруге ниеттейді.

Өңірде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты биыл облыс тұрғындары мен қонақтарының тарауих намазын мешітте жамағатпен оқып, Аллаға құлшылық ету рәсімдерін көпшілікпен орындауға мүмкіндігі болып отыр.

Сондықтан, баршаңыздың Рамазан айының қасиетін мейлінше сезінулеріңізге, қасиетті айда жан мен тәндеріңіздің толықтай тазарып, рухани қуат алып, көркем мінез бен кемелдікке жетулеріңізге тілектеспін.

Құрметті жерлестер!

Қасиетті Рамазан айында ұстаған оразаларыңыз, жасаған қайырлы амалдарыңыз, дұға-тілектеріңіз қабыл болғай!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әр жанға және әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін!

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын ОРАЗАЛИН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button