Жаңалықтар

Үлескер қаржысы қалай пайдаланылады?

Сейсенбі күні өңірлік коммуникациялар қызметінде «Құрылыс, сәулет және қалақұрылысы саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» тақырыбында брифинг өтті.

Атқарушы биліктің2018 жылғы 15 қарашадағы №496 қаулысына сәйкес, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу бойынша уәкілетті орган ретінде облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бекітілгені белгілі. Аталған сала төңірегінде түсінік берілген брифингте көрсетілетін мемлекеттік қызметтер де айтылды.

— Заңға сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мынадай тәсілдердің бірі бойынша ұйымдастырылады: бірыңғай оператордың кепілдігін алу; екінші деңгейлі банктің жобаға қатысуы; көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы салынғаннан кейін үлескерлердің қаражатын пайдалану. 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне келсек, «Үлескерлердің ақшасын пайдалануға рұқсат беру» 8 жұмыс күнінде, «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттық есептік жазба туралы үзінді беру» 3 жұмыс күнінде ұсынылады, — деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманыАйнұр Айдарова.

Ал облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бөлім басшысы Бауыржан Тікебаевөзі жұмыс істейтін мекемеде 2021 жылы 500-ден астам мемлекеттік қызмет ұсынылғанын атап өтті. Артынша басқарма 5 мемлекеттік қызмет түрін көрсететінін, бұның барлығы электронды форматта жүзеге асырылатынын баяндады.

Сонымен қатар брифингте көппәтерлі тұрғын үйлерді салу үшін жеке және заңды тұлғалардың қаражатын «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңының 7-бабында көрсетілмеген тәсілдер арқылыпайдалануға тыйым салынғаны сөз болды.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button