Басты жаңалықтарДенсаулық

Кластерлік бағдар тиімділігі

Ақтөбе өңірі еліміздің денсаулық сақтау жүйесін серпінді дамытудың көшбасында келеді

Ғалымжан ЕЛЕУОВ,

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Медицинадағы инновациялық бағдар

Бүгінгі күні медициналық мекемелерде денсаулық сақтау саласында үздік әлемдік тәжірибелер енгізіліп, іске қосылуда, озық медициналық технология трансферттері тиімді жүзеге асырылуда.

Аритмология, жалпы хирургия, тамыр хирургиясы, трансплантология, балалар кардиохирургиясы, нейрохирургия, ортопедия сияқты бағыттар дамуға қуатты серпін беріп отыр.

Қуатты жобаларды табысты түрде енгізуде бюджет, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік және тікелей инвестицияларды тарту есебінен инновацияны іске қосуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар елеулі роль атқаруда.

Үздік әлемдік медициналық тәжірибелерді енгізу және интеграциялау үшін кластерлік бағыт өзінің жоғары тиімділігін көрсетті. Мысалы, облыста медициналық кластерді құру өңірде денсаулық сақтау жүйесінің серпінді дамуына жол ашты.

Ақтөбе— болашақ агломерация орталығы. Демек, қаланың өңірлік мәні ұзақ мерзімді перспективада өсе түсетін болады, мұнда сапалы білім, медициналық, әлеуметтік және мәдени қызметтер жүйелі түрде ұсынылып, Қазақстанның батыс бөлігінің ғылыми және мәдени өмірі жинақтала бастайды.

Ақтөбе облыс аумағындағы 985 мыңдай адамды ғана емес, сондай-ақ таяу маңда орналасқан өңірлердің де тұрғындарын тарту орталығына айналмақшы, бұл өз кезегінде аймақтың одан әрі дамуы үшін инвестициялар ағынын қамтамасыз ететін болады.

Тәуелсіздік жылдарында облыста 154 медициналық нысан қатарға қосылды. Денсаулық сақтау саласы жүйесін одан әрі тұрақты дамыту мен озық медициналық технологияларды енгізудің тыңғылықты негізі және сенімді алғышарты ретінде қуатты инфрақұрылым, метариалдық-техникалық база, сондай-ақ М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті қамтамасыз етіп отырған ғылыми және кадрлық әлеует қызмет етуде.

Нақтырақ айтсақ, бұл университет Ақтөбе ғана емес, сондай-ақ Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының да кадрлық медицина қызметкерлерін қалыптастыруда жетекші роль атқарып келеді.

М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің өңірдің медициналық кластері үшін елеулі ғылыми базаны қамтамасыз етіп отырғанын атап өтуіміз қажет. Мұнда молекулярлық-генетикалық, санитарлық-гигиеналық лабораториялар, молекулярлық биология лабораториясы, сондай-ақ жасуша лабораториясы қызмет етеді. Ғылыми зерттеулердің ауқымды бағытыбелгілі бір этникалық популяциялар үшін тән әр түрлі сырқаттардың дамуымен сабақтасатын генетикалық полиморфизмдерді зерттеуге арналған.

Мұнда жыл сайын ғылыми гранттарды алуға конкурстар өткізіледі.

Профессор-оқытушылар құрамының еңбектеріжоғары импакт-факторлы шетелдік басылымдарда да тұрақты жарияланып тұрады.Мысалы,рейтингі жоғары «Obesity Surgery» журналында дене салмағын азайтқаннан кейінгі метаболикалық синдромы бар пациенттердің өмірінің ұзақтығын зерттеу нәтижелері, салыстырмалы рандомизацияланғанклиникалық зерттеулер жарияланды. Бұл жұмыстар профессор Орал Оспановтың жетекшілігімен медициналық университеттің ғалымдарының қатысуымен жасалды. Мұнда облыстық ауруханада және «Дару» клиникасында бариатрикалық және метаболикалық хирургияны енгізуде алынған клиникалық мәліметтер базасында Назарбаев университеті геномдық лабораториясы да бірлескен жұмыстар жүргізді.

Сөз реті келгенде айта кететін болсақ, бұл перспектикалық бағыт екінші типтегі қант диабетін емдеуде метаболикалық ауытқушылығы бар науқастар үшін ерекше маңызды.

Жоғары технологиялыққызметтерге жол

Денсаулық сақтау жүйесін интенсивті дамыту нәтижесінде ақтөбеліктерге жоғары технологиялық медициналық қызметтерге қолжетімділік арта түсті. Бұрын осындай ауқымда емделу үшін астаналық жетекші емханаларға немесе Ресейдің шектес өңірлеріне баруға тура келетін. Мәселен, осыған дейін Ақтөбе облысының тұрғындары көз ауруларын емдету үшін Орынбор, Уфа, Қазан қалаларындағы офтальмологиялық орталықтарға сапар шегетін болса, қазіргі уақытта Ақтөбе қаласындағы «Дару Жарығы» офтальмологиялық орталығы халыққа тиімді қызмет көрсетуде. Мұнда күллі Батыс Қазақстан облыстарынан келетін болды.

Айта кететін болсақ, Ақтөбе медициналық кластерінің клиникалары әр түрлі сырқаттары бар пациенттерді емдеу үшін мол мүмкіндікке ие. Мәселен, жүрекке, ми тамырларына күрделі операциялар жасау, ірі тамырларды эндопротездеу күнделікті практикаға енді. Өңірде трансплантациялау бойынша бірегей операциялар енгізілді. Қазірдің өзінде 50 бүйрек (42-і тірі адамнан және 8-і кадаврдан) және13 бауыр алмастырылды.

Белгілі болып отырғанындай, Қазақстандағы жүрек-қан тамырлары ауруларымен сырқаттану статистикасы мейлінше көңіл қобалжытады. Алайда тиімді емдеу және заманауи медициналық ықпал жасау емделушілердің ұзақ мерзім ішінде толыққанды және сапалы өмір сүруіне мүмкіндік береді.

Кардиологиялық сырқаттарды емдеуде жоғары технологияны қолдану асқыну мен өлім қаупі деңгейін елеулі түрде төмендетуде. Облыстық ауруханада, жедел жәрдем ауруханасында және М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті медициналық орталығында өңірлік интервенциялық кардиохирургиялық орталықтар заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Медициналық орталықтың кардиохирургиялық бөлімшесі жағдайындатәжартериялық ангиография және күретамырды стендтеу секілді процедуралар күнделікті іске айналды. Жүрек соғысы бұзылуы, қолқа тәжартериялық ұштастыруды орындау, клапанды технологияны пайдалануда қолданылатын интраоперациялық радиожиіліктегі заманауи әдістер енгізілді. Ендігі кезекте мини-инвазивті торакоскопиялық микс-технологияны енгізу міндеті тұр.

Облыстық балалар ауруханасы жанынан өкпе және құрсақ қуысы органдары дамуының туабітті жетіспеушілігі бар балаларға жоғары мамандандырылған көмек көрсететін неонатальды хирургия орталығы құрылды. Туабітітті патологиясы бар нәрестелерге 500–ден астам операция жасалды. Кардиохирургиялық бөлімшеде жүрек ақауы бар балаларға жасанды қан айналымы аппаратын пайдаланумен жабық эндоваскулярлық және денеге 700 ашық операциялар орындалды. Тіршіліктің алғашқы тәулігінде жедел түзетуді талап ететін туабітті қауіпті жүрек ақауымен 95 сәбиге операция жасалды. Алдағы уақытта осы базада батыс аймақтағы тұратын балаларға кардиохирургиялық көмек көрсететін өңірлік орталық ашу жоспарлануда.

Ми қан айналымы өткір бұзылыстары бар сырқаттарға көмек көрсету үшін жедел медициналық жәрдем ауруханасында инсульт орталығы жұмыс істейді, онданейроинтервенциялық әсер ету жұмыстары орындалады. Пандемия кезінде клиникада мидың ковидтен кейінгі зақымдануы бар пациенттерді оңалту және емдеу үшін маңызды әдістемелер іске қосылды.

Қазіргі уақытта медициналық орталықта бауырдың радиожиіліктегі абляциясы, бауыр және көк бауыр артериясы химиоэмболизациясы, бауыр артериясы трансартериалды химиоэмболизациясы технологиясы — бауырдың қатерлі немесе таралу қаупі бар сырқаты (бірінші сатыдағы) бар ауруларға қолданылатын паллиативті емдеу әдісі тиімді жүргізілуде.

Химиоэмболизацияның химиялық терапияға қарағанда неғұрлым тиімді әдіс екені қазірдің өзінде дәлелденді, ол ісіктің көлемін азайтуға мүмкіндік береді, демек одан кейін емделушіге ота жасауға болады.

Химиоэмболизация кезінде бауыр артериясына тікелей енгізілетін препарат қатерлі ісікті оттегі мен қоректендіруші заттардан айырып, оған қан баруын тоқтатады. Химиотерапиялық әсер бүкіл организмге ықпалы білінетін жүйелі әдістерге қарағанда бірнеше есе тиімді және оқшау жүргізіледі, сондай-ақ жанама әсерлері де азырақ.

Операбелды пациенттер үшін ХЭПА әдістемесі көмегімен ауырсыну синдромын төмендетуге, қатерлі құрылымдардың өсуін тоқтатуға, ісікті азайтып, организмді отаға әзірлеуге жол ашылады.

Сондай-ақ медициналық орталықта трансплантология және жасуша терапиясы бөлімшесі ашылды, онда бауыр циррозы, қалқанша без сырқаты, қант диабеті, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі, орын алған ми қан айналымы бұзылысы салдары секілді дерттерді емдеуде қолданылатын діңгек жасушасын трансплантациялаудың бірегей әдістемесі енгізілді.

Орталықта онкологиялық сырқаттардың сәуле терапиясы аппараттары, оның ішінде кез-келген оқшаулаудағы қатерлі ісікті емдеуде сәуле терапиясы әдісі ретінде «TrueBeam» желілік жеделдеткіші бар, ол қиын жерлердің өзіндегі ісікке жоғары дәлдікпен және таңдап әсер ету мүмкіндігіне ие.

Батыс Қазақстандағы көшбасшы

Қазіргі заманауи сандық әлемде IT-медицинаны ескерусіз қалдыру мүмкін емес. Мәселен, медициналық орталықта рентген-түсірілімдер бойынша өңдеудің және алдын ала диагноз шығарудың электрондық жүйесі қолданылады, дараландырылған корсеттер, импланттар, медициналық бағыттағы бұйымдар, сондай-ақ симуляциялық жабдықтар —  компьютерленген робототренажерлер дайындау үшін 3D-принтері пайдаланылады.

Заманауи жабдықтары, реанимациялық бөлімшесі бар жаңаперинатальды орталық туралы айтпай кетуге болмайды. Оның іске қосылуы әсіресе қазіргідей нәрестелер мен ана өлімі деңгейі алаңдатарлықтай көрсеткіштерге жетіп тұрған уақытта өңір үшін ерекше маңызды. Жаңа орталықтың пайда болуымен акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыруда денсаулық сақтау басшылығының дұрыс ұстанымы жағдайында оң өзгерістер болатындығына сенімділік әкеледі.

Мәселен, реанимациялық бөлімшеде салмағы өте төмен — бір килограмнан аз мөлшердегі өмірі қауіпті жағдайдағы нәрестелер күтіледі. Орталық бүгінде өңірде танымал бола бастады, оған Атырау, Батыс Қазақстан, Маңыстау және Қызылорда облыстарынан болашақ аналар үздіксіз келіп жатады. Қуатты профессор-оқытушылар құрамы бар М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ықпалдылығы нәтижесінде медициналық туризмді одан әрі дамыту мүмкіндігі бар. Мұнда бірегей сарапшылар, оның ішінде жоғары біліктілік көмектерін көрсете алатын акушерлік және гинекология мамандары жеткілікті.

Ақтөбе облысында медициналық кластерді дамыту жөніндегі жоба өңірлік денсаулық сақтау ісінде кластерлік ұстанымды қолдану перспективасы мен тиімділігін көрсете отырып, өзін толығымен ақтады. Медициналық мекемелер базасында мейлінше озық инновациялық технологиялар бір жағынан бүкіл облыс аумағында құрылымның сапалы жүйесіне ие болып, екінші жағынан, ішкі де, сондай-ақ сыртқы да медициналық туризм тұрғысынан тартымдылығымен енгізілді.

Ең бастысы, жоғары деңгейдегі инновациялық медициналық қызметтер емделушілер үшін қолжетімді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button