Ауыл

Үздік ауылдар анықталды

Темір ауданында жергілікті атқарушы биліктің бастамасымен қолға алынған ерекше жоба биыл да жалғасын тапты.«Ең үздік округ», «Халық үніне құлақ асатын ең үздік округ», «Ең үздік жергілікті қоғамдастық» байқаулары, аты айтып тұрғандай, қай жағынан да мықты ауылдарды қолдауға бағытталған.

Аудан əкімі Саламат Аманбаевтың айтуынша, ауылдық округтер арасындағы бəсекелестікті күшейту, жұмыс барысында жаңа форматты қалыптастыру жəне көшбасшылық тәжірибесін енгізу көзделген «Ең үздік округ»байқауы аз уақытта үлкен қызығушылыққа ие болған. Ұзын саны 24 көрсеткіш сарапқа салынатын сында алғаш боп Кеңесту ауылы көш бастаған еді.

Сол сияқты «Халық үніне құлақ асатын ең үздік округ», «Ең үздік жергілікті қоғамдастық» байқауларына қатысуға да ынта білдіргендер көп.

«Ең үздік округ»  байқауы жылына 2 рет, «Халық үніне құлақ асатын ең үздік округ» байқауы тоқсан сайын, ал «Ең үздік жергілікті қоғамдастық» байқауы жылына 1 рет ұйымдастырылып тұрады. Барлық байқаулар бойынша аудан әкімінің өкімімен арнайы ережелер мен комиссия құрамы бекітілді. Оларға критерийлер қамтылған бағалау парақтары ұсынылып, жеңімпаздар ортақ ұпай санының басымдығымен анықталады, — дейді Темір аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әсемгүл Жұмаева.

Былтыр жыл бойы өткізілген байқаудың жеңімпаздары жақында марапатталды. Байқау комиссиясының шешіміменТемір ауданында 2021 жылдың IV тоқсаны бойынша «Халық үніне құлақ асатын ең үздік округ» байқауының  жеңімпазы болып Жақсымай ауылдық округі анықталса, өткен жылдың ең үздік қоғамдастығы ретінде Шұбарқұдық ауылдық округі танылды. Ал 2021 жылдың ІІ жартыжылдығы бойынша «Ең үздік округ» байқауының жеңімпазыболып Ақсай ауылдық округі марапатталды. Жеңімпаз округ әкімдеріне аудан басшысы арнайы диплом мен ауыспалы мүсіншетабыс етті.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Темір ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button