Ауыл

Сексенге сергек жеткен

Әр өңірде еліне ақылшы, ортаға сыйлы аталар болады. Солардың бірі —  Қарғалы жұртшылығына белгіліеңбек ардагері Бақыткерей Нұрқаев. Бүгінде жасы сексеннен асқан ақсақалдың ойы сергек, қимылы ширақ.

Бақыткерей Өтегенұлы 1942 жылыкезінде Анастасьевка аталған Бозтөбе ауылының Красное поле ұжымшарында дүниеге келген. Әкесі Красное поле ұжымшарында бригадир және басқада қызметтерде болған. Он баланы дүниеге әкелген анасыда ұжымшарда түрлі жұмыс жасаған.

Б.Өтегенұлы жеті кластық білім алғаннан кейін 15 жасында еңбекке араласып, ыстық-суықты ауылдастарымен бірге көрді. 1963 жылы отау құрып, зайыбы Әсиямен біргеалтын тойға бірге жетіп, гауһар тойға қадам басты. Қол ұстасқан 54 жыл ішінде балаларды бірге тәрбиелеп, оларды оқытып,ұлды ұяға,қызды қияға қондырды.

Бақыткерей ақсақалдың өзі де ауыл-аймаққа қал-қадіріншеқызмет еткен.

— Еңбегім елеусіз қалған жоқ. Кезінде жыл сайын өтетін ауыл шаруашылығы күні мерекелерінде еңбегім бағаланып, сол кезде әркімге арман болған автокөлікті үш рет сыйлыққа алғаным бар.Әр жылғы жеңімпаздық төс белгі, мақтау қағаздары да баршылық, — дейді кейіпкерім.Біз қатарластарының қасында тың көрінетін ақсақалдан сергектіктің сырын сұрадық.

— Негізі, мал баққан адам қиялшыл болады. Елу жас шамасы ғой деймін,мал бағып жүріп, ат үстінде баспен тұруға бейімделдім. Бүгінде ондай адамды каскадер деп жүр ғой. Бұл күнде ауыларасында «баспен тұратын Бақыткерей» атандық. Әлідекөлік жүргіземін,велосипед тебемін, мал жайлап, балама қол ұшын беремін. Бадамшаның ішінде жастар таксимен жүрсе, мен жаяулатып жүре беремін, — дейді Бақыткерей Нұрқаев.

 Бақыт ИМАШЕВ,

Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button