Денсаулық

Құтырмадан сақ болыңыз

Облыста құтырма вирусы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Адамдар арасында құтырма ауруы тіркелген жоқ.

Адамдардың бұл ауруға шалдығу  дерегі соңғы рет 2017 жылы тіркелді (Ойыл ауданы).Дегенмен облыста эпизоотиялық жағдай тұрақсыз.

Құтырма —адамдармен жануарлардың жүйке жүйесін зақымдайтын, барлық жағдайда өліммен аяқталатын жедел вирусты жұқпалы ауру.Ауру таратушылар — аңдар (қасқыр, түлкі және т.б.) мен үй жануарлары (ит, мысық, сиыр, жылқы және т.б.).

Вирус адамдарға құтырған жануарлардың қабуынан немесе сілекейінен жұғады. Ал жабайы жануарлар арасында бір-бірінен тарайды. Көбіне қыс, күз мезгілдерінде қасқыр мен түлкіқоректену үшін елді мекендерді ториды. Сол себепті осы кезде ауыл тұрғындары өте сақ болулары қажет. Жыртқыштар төрт түлік малды, мысық пен итті қапқан кезде оларды міндетті түрде ветеринарлық дәрігерге қарату керек.

Жыл сайын құтырма ауруының алдын алу мақсатында мал, ит, мысықтарды құтырмаға қарсы егу жүргізіледі. Сонымен қатар қаңғыбас ит, мысықтар ауланады.Облыстық ветеринарлық қызметтің мәліметі бойынша,өңірде құтырма ауруының алдын алу мақсатында 14798 ит, 568 мысық, 18 түлкі ауланған. Бұл мақсатта былтыр бюджеттен  50 051 400 теңге бөлінді.

Өткен жылы құтырма ауруының анықталуына байланысты 6 қолайсыз пункттіркелді. Олар: Байғанин, Ырғыз, Мәртөк, Ойыл,Хромтау аудандары және Ақтөбе қаласы.Бұл  пункттерде індетке қарсы ветеринарлық-санитарлық іс-шаралар жүргізілді.

Былтыр облыстың емдеу-профилактикалық мекемесіне жануарлардан зардап шеккен (тырнауынан, қабуынан) 1665 адам медициналық көмек алды.Олардың 1154-ін ит қапқан.

Құтырмамен ауырған адам сауықпайды. Бірақ антирабиялық егулерді уақытында алу арқылы аурудың алдын алуға болады.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button