Мереке

Ата-аналар сайысты

Саржансай ауылындағы балабақшада Наурыз тойы сән-салтанатымен өтті.

Күн мен түн теңелетін көктемнің шуақты мерекесіне балабақша балапандары ерекше әзірленген. Тілдері бал бүлдіршіндер тақпақ айтты, көрініс қойды.Ән айтып, би де биледі. Мерекелік ертеңгілікке сән берген тәрбиешілердің көрнекіліктерін ата-аналар жасаған қолөнер бұйымдары толықтырды.

Бұл жолы ертеңгілікке қатысқан ата-аналар «Сарқыт» және «Игі іс» деген екі топқа бөлініп, өнерлерін ортаға салды. Сахнаға ұлттық киімдерімен шыққан екі топ та бірінен-бірі қалыспады. Наурыз көже дайындалып, дастарқан жайылды. «Сарқыт» тобы қымызмұрындық, «Игі іс» тобы бесікке салу дәстүрлерін көрсетті.

Шара соңында барлық қатысушы наурыз көже ішіп, мерекелік дастарқаннан дәм татты.

Лиза ЖАСАҚОВА,

Саржансай ауылы.

Мәртөк ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button