БайқауФотобәйге

Өнерлі бала

Дария Темірбекқызының жасы — үште. Т.Жүргенов ауылындағы «Таңшуақ» балабақшасының ортаңғы топ тәрбиеленушісі. Айналасындағылардың өзіне көңіл аударғанын жақсы көретін Дария әдемі киініп, ән айтып, би билегенді ұнатады. Сурет салғысы келеді, әзірге дайын суретті түрлі-түсті бояуларды үйлестіріп бояйды, оның таудай талабын ата-әжесі қолпаштап, қолдайды.

Биыл ол балабақшадағы Наурыз мейрамына ерекше дайындалды. Нағашы әжесі тігіп берген көйлекті қуана киіп барды. Тәрбиешілері ұлттық киім киіп келген бар балапанды естелікке суретке түсіріп алыпты.

Дария өте бауырмал, бауырлары мен достары туралы әңгіме айтқанда алдына жан салмайды. Еркетай болашақта ата-әжесін емдейтін дәрігер болғысы келеді.

Айзат МЫРЗАҒҰЛ,

Әйтеке би ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button