Пікір

Жаңа Қазақтанға жаңа қадаммен

Ануар Искарин, «AMANAT» партиясы жастар қанатының

Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы

Бүгінгі уақыттың талабы өзгеруді қажет етеді. Әлемде орын алып жатқан геосаяси шиленіс пен елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды, қазіргі қоғамның құрлымы мен оған сәйкес халықтың сұранысының өзгеруін ескерсек бірқалыпты тұруға әсте болмайды. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарат Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған дәстүрлі Жолдауында осы мәселелерді  қамтып, үлкен реформа жариялады.

Жаңа Қазақстанды құру бағытында елде үлкен өзгерістер күтеді. Мұндағы түплікті мақсат – мемлекет пен өоғамның өзара сенімен және құрметіне негізделген жаңа саяси мәдениет қалыптастыру болмақ.  Бұл орайда ел Президенті «Саяси жаңғыру болмаса, елімізді орнықты дамыту, ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жасау мүмкін емес. Бұл – анық нәрсе. Біз екі жарым жылдың ішінде осы бағытта нақты нәтижеге қол жеткіздік», деді.

Жаңғырудың нақты іс жүзінде іске асуы Конституцияға 30-дан астам өзгеріс енгізуден басталғалы отыр. Мұның өзі үлкен сенім қалыптастырады. Расымен де Мемлекет басшысы айтып өткендей, бұл жарияланған реформа атақ үшін емес, нақты іспен көрсетілуі қажет. Халыққа көпірме сөз, бос уәде емес, көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын оң өзгерістер керек. Уақыттың ағымымен оның дәуірі өтті.

Мемлекет басшысының бұл Жолдауында елдің көкейінде жүрген көптеген мәселелер қамтылды. Жаңа Қазақстан құрудағы алдымызға қойылған әрбір нақты міндеттер ең әуелі халыққа түсінікті тілде насихатталып, іс жүзінде жүзеге асатындығына сенімдімін.

Ол үшін өзгерістерді еліміздің әрбір азаматы өзінен бастап, әрбір адам, жалпы бүкіл қоғам жаңару қажет. Өйткені, әрбір нәтижелі істің ілгері басуы адамның өзінен басталуы қажет. Әрине, бұл оңай шаруа емес, дегенмен бұған білек түрініп кірісіп, аянбай тер төгу келешек ұрпақ алдындағы бүгінгі біздің ортақ парызымыз.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button