Пікір

Ел тарихындағы жаңа кезеңге аяқ бастық

Ләззат ОРАЗБАЕВА,

облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы:

— Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялаған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауы — еліміз үшін тарихи маңызы зор құжат.

Азаттығын алғалы бергі уақыттың ішінде Қазақстан халқы өз тәуелсіздігін нығайту және демократиялық қоғамы мен мықты мемлекеттік институттары бар заманауи, айбынды мемлекет құру, оның іргесін бекіту жолында әр күн сайын аянбай тер төгіп келеді.

Қазақстан бүгінгі әлемдік саяси-экономикалық жүйенің ажырамас бір бөлшегіне айналды, сондықтан дүниеде болып жатқан барлық оқиғалар, олардың нәтижелері мен салдары біздің елімізге өз әсерін тигізбей қоймайды.

Бүгінге дейін қыруар шаруа атқарылып, көптеген табыстарға қол жеткіздік, алайда әлемдегі соңғы кездегі оқиғалар, қазіргі тарихи жағдай ел іргесін әлі де бекітіп, тұрақтылықты нығайта түсуді, сол жолда саяси жүйені қайта жаңғыртуды талап етеді.

Қай мемлекет үшін де ішкі тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің маңызы зор, өйткені онсыз ешқандай әлеуметтік-экономикалық даму, алға басу болмайды.

Президент өзінің Жолдауында елімізге түбегейлі өзгерістер, ауқымды жаңғыртулар керектігін атап өтті.

Қазіргі күрделі геосаяси жағдайға қарамастан, біз осыны іске асыруға, жаңа Қазақстанды құруға тиіспіз.

Сондай-ақ Президент мемлекеттігімізді нығайта түсуге бағытталған бірқатар саяси және институционалдық реформаларды ұсынды. Бүгіннен бастап ел тарихындағы жаңа кезеңге аяқ басамыз.

Осыған байланысты алдымызға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін қоғамдық сана мен жеке азаматтардың ой-санасының өзгеруі, қоғамдық құндылықтарды қайта жаңғырту қажет.

Мемлекеттік басқару жүйесін жаңа жағдайға бейімдеу, сайлау жүйесін жетілдіру, суперпрезиденттік басқару үлгісінен мықты Парламенті бар президенттік республикаға көшу, Конституциялық сот құру сынды бастамалар біздің Президентіміздің қуатты мемлекет құру жолына батыл түрде бет бұрғанын көрсетеді.

Мемлекет басшысы жаңа қоғамдық институт — Ұлттық құрылтайды құруды ұсынды. Ұлттық құрылтай азаматтық қоғамның барлық топтарының өкілдерінің басын қосып, сан түрлі қоғамдық пікір иелерін түгел қамтитын, сөйтіп, ең маңызды мәселелер ашық түрде, жан-жақты талқыланатын диалог алаңына, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайтудың мықты құралына айналады.

Біз, қазақстандықтар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған жаңа саяси бастамаларын бүгінгі күнге ең қажетті, маңызды қадамдар деп білеміз және алдағы жұмыстардың барысында әрдайым осы бастамаларды басшылыққа аламыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button