Мәдениет

 Ұлттық дәстүр шеберлерімен кездесті

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ұлттық дәстүрдің шеберлері» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге қазақ халқының жыршылық, жыраулық дәстүрін жалғастырушы, жырау, фольклор зерттеушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алмас Алматов пен жыршы, ҚР Мәдениет қайраткері Балтабай Ыбырайұлы шақырылды.

Музейдің және С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының қызметкерлері қатысқан шараның мақсаты — ежелден келе жатқан ұлттық мұрамыз — жыраулық дәстүрді және атбегілік, құсбегілік секілді қазақтың төл өнерін насихаттау. Шара барысында жырау мен жыршы ұлттық этнографиялық саласындағы ат әбзелдері, қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары, киіз үй жасау және бәйге атын баптау, ауыз әдебиеті үлгілерін жинау мен дәріптеу және жыраулық дәстүр туралы әңгіме өрбітті.

Шара соңында өлкетанушы Бекарыстан Мырзабай кездесуге келген қонақтарға алғысын айтып, «Ер Едіге» альбомын табыс етті.

Бекнар ЕСІРКЕПОВ,

облыстық тарихи-өлкетану музейі археология және этнография бөлімінің меңгерушісі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button