Мәдениет

Өнерім — өмірім

С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен әнші, республикалық байқаулардың лауреаты, кітапханамыздағы «Елмұра» ұлттық-танымдық клубының мүшесі, «Арай» өнер мектебінің директоры Арайлым Мырзабековамен «Өнерім — өмірім» атты кездесу өтті.

Кеш барысында Арайлым Абатқызы кітапхана оқырмандарын өмірбаяны мен өнер жолы, «Арай» өнер мектебінің жұмысымен таныстырды. Сонымен қатар өнер мектебі жас буынға кітап оқуға деген қызығушылығын қалыптастыратынын айтты.

«Өнерлі өрге жүзеді». Адам баласы өнер арқылы өмірдің қыр-сырын таниды. Осы орайда Арайлым Абатқызы кітапханада өткізілген іс-шараларға да қатысып, жас ұрпақты қоғамдық өмірге араластыру мен отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруда белсене атсалысып жүрген тұрақты оқырман, кітапхана жанынан құрылған «Елмұра» ұлттық-танымдық клубының мүшесі екенін айта кету керек.

Әнмен өрілген «Өнерім — өмірім» атты мерекелік кештің соңында кітапхана басшылығы өнер иесіне алғысын білдіріп, гүл шоғын ұсынды. Арайлымның отбасы, шәкірттері, белсенді оқырмандар қатысқан кездесу көпшілікке керемет көңіл күй сыйлады.

Гүлзада БЕЙСОВА,

С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-

ғылыми кітапханасының қызметкері.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button