Экономика

«S Sistem» Ақтөбе облысындағы көлік-логистикалық орталығы құрылысына 50 млн доллар инвестициялауға ниетті

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин 5 наурыз күні ​ біздің өңірге 50 млн АҚШ долларын инвестициялауды жоспарлап отырған «S Sistem» түрік компаниясының президенті Хусейн Барлинді қабылдады.
Атап айтқанда, «S Sistem» Ақтөбе облысында әуе хабы бар ірі көлік-логистикалық орталығын салуға ниетті.
«Ақтөбе облысының географиялық орналасуына байланысты транзиттік хаб ретінде дамуының келешегі зор. Біз өз тарапымыздан жобаға тиісті қолдауды көрсетеміз»,- деді Оңдасын Оразалин.
Өз кезегінде Хусейн Барлин өңірдің көлік-логистикалық инфрақұрылымын инвестициялауда қызығушылығы жоғары екенін ​ атап өтті.
«Салғымыз келіп отырған логистикалық хаб Қазақстан мен көршілес елдер арасындағы тауар мен жүк айналымын көтеруге мүмкіндік туғызатын болады. Ақтөбе өңірін дамытуға оң әсерін тигізетініне сенімдімін»,- деді Хусейн Барлин.
Кездесу барысында тараптар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button