БайқауФотобәйге

Сәулет салған сурет

«Кішкентай кейіпкер»

Сәулет Шәудіров Кемерши ауылындағы Қожабай Жазықов атындағы орта мектептің мектепалды даярлық тобына барып жүр. Биыл беске толады.

Сәулет Қуанғалиұлы — өте бауырмал, елгезек, сүйкімді бала. Достарымен тіл табысып, өте тату ойнайды. Алдындағы ағасы мен інісінің сүйікті бауыры. Сәулеттің сурет салуға бейімі бар. Соны байқаған анасы жақында сапалы түрлітүсті қарындаштар жиынтығын сатып әперді. Сол қарындаштарымен салған суреттері де біршама. Тіпті қазір кешкісін бауырларымен бірге сурет салуды әдетке айналдырып алды.

Былтыр «Bilgen» орталығының ұйымдастыруымен өткізген «Tanym top» байқауында «Танимыз» бағыты бойынша І орынға ие болып, дипломмен марапатталды. Сәулеттің болашағы жарқын боларына сенеміз.

Айжан ИБРАШОВА,

Кемерши ауылы,

Байғанин ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button