Жаңалықтар

Әдеби-танымдық кездесу

Ақтөбе қаласындағы №10 орта мектебі онлайн кеңістікте тәрбие процесін ұйымдастыру мақсатында «Ғибрат ал» жобасын қолға алды.

Жобаның ерекшелігі — іnstagram әлеуметтік желісінде бір апталық тапсырмаларды  ұсыну арқылы білім алушылардың тұлғалық дамуына мүмкіндік жасау.

Осы орайда аталған мектепте алғашқы әдеби-танымдық кездесудің тұсаукесері өтті. Кеш қонағы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, «Ақтөбе» телеарнасының ардагері Жақсылық Айжанов болды. Ақын өзінің өмір тәжірибесімен және шығармашылығымен бөлісіп, Мұқағали Мақатаевпен кездескен күндерінен әңгіме өрбітті, жас өрендерге ақыл-кеңестерін айтты.

Кеш барысы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына қарап бой түзеп жүрген шәкірттердің өнерімен толықты. Мектеп оқушыларынан бөлек, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенті Темуджин Сәрсенов Мұқағалиға арнауы мен ақын өлеңдерін жатқа оқып, әдебиетке құштар көрермен қауымның ықыласына бөленді.

«Ғибрат ал» жобасы аясында алдағы уақытта әр саланың майталмандарымен кездесу ұйымдастырылып, оларды жас жеткіншектерге таныстыру жоспарланып отыр.

А.БОЛАТБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button