Жаңалықтар

Балаларға бал үлестірілді

Республикалық «Бөбек» қайырымдылық қорының президенті Сара Назарбаеваның бастамасы бойынша елімізде бірнеше жылдан бері туберкулезбен ауыратын балаларды табиғи балмен қамтамасыз ету қайырымдылық акциясы өткізіліп келеді.

Туберкулез ауруының алдын алу, денсаулықты нығайту және балалардың иммунитетін күшейтуге бағытталған акция туберкулез ауруының алдын алу мекемелерінің күндізгі бөлімдерінде емделуде жатқан балалар арасында ұйымдастырылады. Өткен аптаның аяғында облыстық туберкулезге қарсы диспансерде емделіп жатқан 80 балаға 576 кг бал табыс етілді. Балды Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы Алматыдан алып келген. Шараға Елбасы Жолдауын түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшесі, Білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрайымының орынбасары Б.Әлібаева, облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Г.Айдарханова, облыстық білім басқармасының бастығы А.Арынғазиевалар қатысты.

— Диспансердің күндізгі бөлімінде емделіп жатқан балаларға осымен төртінші жыл қатарынан акция аясында бал беріліп келе жатыр. Бал барлық адамға бірдей пайдалы, емдік қасиеті көп тағам. Ол ас қорыту, бүйрек, бауыр, қарын, ішек жұмыстарын жақсартады. Құрамында пайдалы дәрумендер, микроэлементтер көп. Ауыр дәрілердің ағзаға тигізетін кері әсерін болдырмау үшін де балдың маңызы зор. Міне, көктем басталды. Нағыз аурудың көбейетін мезгілінде балаларға иммунитетін күшейтетін бал беру өте пайдалы. Қазір біздің облыста балалар мен жасөспірімдер арасында туберкулез ауруы азайып келе жатыр, шүкір, мысалы, былтыр алдыңғы жылмен салыстырғанда туберкулезбен ауыру балалар арасында — 28 пайызға, жасөспірімдер арасында 27 пайызға азайды, — дейді диспансердің бас дәрігері Н.Ағзамов.

М.САТАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button