Құқық

Заңға толықтырулар енгізілді

Тұтынушы құқығы

Бүгінгі таңда тұтынушылар құқығын нормативтік-құқықтық реттеуді жетілдіру — өзекті мәселе.  Осы ретте тұтынушылардың құқықтарын жеткіліксіз құқықтық реттеу осы саладағы заңнамаларды жетілдіруді қажет етеді.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев былтыр 27 желтоқсанда   «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №87-VII  Заңға қол қойды.

Аталған Заң негізінде «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі  — Заң) келесі толықтырулар енгізіліп, қолданысқа енгізілді. Біріншіден, Заңның 1-бабының 14 тармағы 14-1), 14-2) тармақшаларымен  «техникалық жағынан күрделі тауар»,  «техникалық жағынан күрделі тауардың елеулі кемшілігі»  туралы  негізгі ұғымдармен толықты.

Атап айтқанда, техникалық жағынан күрделі тауар — өзін қосылыстың мәні айқындайтын мақсаты бойынша пайдалануға мүмкіндік беретін бір тұтасты құрайтын көптеген конструкциялық және (немесе) әртекті элементтерді қамтитын, техникалық жағынан күрделі ішкі құрылымы бар азық-түлік емес тауар, оған тек қана көлік құралдары, ауыл шаруашылығы техникасы, су және әуе кемелері жатады; техникалық жағынан күрделі тауардың елеулі кемшілігі — техникалық жағынан күрделі тауардың жойылмайтын кемшілігі немесе мөлшерлес емес шығыстарсыз немесе қосалқы бөлшекті беруді күту уақытын қоса алғанда, заңда белгіленген мерзімнен асатын немесе тұтынушы үшін мұндай жоюдың өзектілігі жоғалатындай немесе тауарды нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға мүмкін етпейтіндей соншалықты созылатын уақыт шығындарынсыз жоюға келмейтін кемшілігі не тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне, қоршаған ортаға зиян келтіруге алып келуі мүмкін кемшілік.

Екіншіден, Заңның 15-бабы 1-1 тармақшамен толықтырылды, онда техникалық жағынан күрделі тауарға және оның құрамдасына қатысты тұтынушы техникалық жағынан күрделі тауардың елеулі кемшілігі болған жағдайда ғана ұқсас маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстыруды не сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, басқа маркалы (модельді, артикулді) дәл сондай тауарға ауыстыруды не шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшаны қайтаруды талап етуге құқылы екендігі белгіленді.

Үшіншіден, сатушының (дайындаушының) тиісті сападағы да, тиісті емес сападағы да тауарды сату кезіндегі міндеттерін реттейтін Заңның 30-бабының 2-тармағы 2-1 тармақшамен толықтырылды.

Атап айтқанда, тұтынушы техникалық жағынан күрделі тауардың елеулі кемшілігін анықтаған және ол шартты бұзу және тауар үшін төленген ақшаны қайтару туралы талап қойған жағдайда, техникалық жағынан күрделі тауарды және оның құрамдасын сатушы (дайындаушы, орындаушы) осы талапты үш жұмыс күні ішінде қанағаттандыруға міндетті.

Тұтынушы техникалық жағынан күрделі тауардың елеулі кемшілігін анықтаған және оны ауыстыру туралы талап қойған жағдайда, техникалық жағынан күрделі тауарды және оның құрамдасын сатушы (дайындаушы, орындаушы) осы талапты 30 жұмыс күні ішінде қанағаттандыруы тиіс.

Бұл ретте сатушы тұтынушының қойған талаптарымен келіспеген кезде сәйкестікті растау жөніндегі органдарға не сынақ зертханаларына техникалық жағынан күрделі тауардың қауіпсіздігін және (немесе) сапасын қосымша тексеруге (сараптамаға) жіберген жағдайда, техникалық жағынан күрделі тауарды қайтару немесе айырбастау жөніндегі мерзім тексеру (сараптама) жүргізілген уақытқа тоқтатыла тұрады.

Облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button