Білім

Қайырымдылық жолындағы балалар

М.Арын атындағы қазақ орта мектебінде «Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік өтті.

Жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру — қашанда күн тәртібінде тұратын өзекті мәселе. Онкүндік аясында жоспарланған шаралар, міне, осы мақсатқа бағытталды. Мысалы, оқушылар қаланы қардан тазартып жүрген еңбеккерлермен кездесіп, олармен сұхбаттасып, ыстық шай әзірлеп берді. Ал «Жүректен-жүрекке» қайырымдылық марафонында ерекше балаларға сыйлықтар ұсынылды. Сондай-ақ оқушылар «Балаға — жүрек жылуы»тақырыбында өз әлеуметтік жобаларын қорғады.

Ұстаздармен қатар, оқушылар да осы шараларға шын пейілмен, белсене қатысты.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button