БайқауФотобәйге

Чемпион

Кішкентай кейіпкер

Арман Бақытбек — он жыл күткен көз қуанышымыз. Әжесінің еркесі.

Жазда төрт жасқа толады. Шаңырақты шаттыққа бөлеген ұл көпшіл болып өсіп келеді. Жалғыз болғаннан гөрі туыстардың балаларымен ойнағанды тәуір көреді. Бауырмал. Ойыншықтарын қызғанбайды. Үйде ойыншықтары көп болса да, далада доп қуалап ойнағанды ұнатады. Арманның осы қылығына қуанған Асылбек ағасы «Танымал футболшы, чемпион болсын» деген тілекпен «Ақтөбе» футбол клубының жейдесі мен мойын орағышын сыйлаған. Мына сурет — сол күннен естелік.

Гүлжайнар ТӨРЕГЕЛДИНА,

Ақтөбе қаласы.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button