Құқық

Құқықтық тәртіп  қадағаланды

Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері әуе және теміржол нысандарында құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық шарасын өткізді.

Шара нәтижесінде тәртіп бұзған 29 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ақтөбе теміржол вокзалында 2 суық қару тәркіленді. Сонымен қатар қоғамдық орында ішімдік ішіп, мас күйінде жүрген 40 адам және 2 ұсақ бұзушылық  анықталды. ҚР аумағында тіркеусіз немесе жеке басын куаландыратын құжатсыз  жүрген 1 дерек тіркелсе, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын  бұзған 5 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ақтөбе қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі   мамандандырылған ауданаралық  сотының  шешімімен 3 адам ел аумағынан шығарылды.

 Ақтөбе станциясындағы

желілік полиция бөлімі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button