БайқауФотобәйге

«Мен суретші боламын»

«Кішкентай кейіпкер»

Расул Сергей — Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округі, Сағашилі ауылы,

«Дана» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушісі. Жасы — төртте.

Үнемі көңілді жүреді. Сурет салу — сүйікті ісі. Салған суреттерін негізінен ашық, жарқын түстермен бояйды.

Расул Саламатұлы — ерке, ақылды, тілалғыш. Әсіресе ағасы Ринаттың айтқанын екі етпейді. Әлі жасқа тола қоймаған қарындасы Саяжылай қалса, жұбата қояды.

Балабақшада ұйымдастырылған ертеңгіліктерге, байқауларға белсенді қатысады. Былтыр Алматы қаласында өткен«Балдаурен»республикалық байқауында «Мен суретші боламын» номинациясы бойынша І орынға ие болды.

Әзірге бейнелеу өнерінің үйірмесіне қатыспайды. Алайда өскенде суретші болатынын айтып жүр.

 Арайлым АЙМҰРАТҚЫЗЫ,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button