БайқауФотобәйге

Қамшы ұстар

«Кішкентай кейіпкер»

Суреттегі сүйкімді сәби —  менің жиенім, сіңлімнің баласы. Жасы — екіде. Ақтөбе қаласында тұратын жиенімніңаты-жөні — Дәулет Нұрболұлы.

Өзі көңілді, үнемі тойған қозыдай томпиып отырғаны. Мен оны «томпағым» деп еркелетемін. Тіл-көзден аман болсын. Өзі өте алғыр, ақылды болып өсіп келеді. Тілі ерте шықты.Былдырлап жүргенде көк байрақты көріп, тәтті тілімен «туу, туу» деп айтып, бізді қуантқаны бар. Таудай талабы бар жиенге қазақтың көк туын желбіретержігіт боп өссін деген тілегім бар.

 Райхан БИЖАНОВА,

Ойыл ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button