Білім

Педагогтер тәжірибе алмасты

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы филиалы облыстағы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында креативті педагогтің ішкі ұмтылысын дамыту» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік жұмыстың үшінші кезеңін ұйымдастырды.

2020 жылы бастау алған шара бұл жолы Ақтөбе қаласындағы  №6, №10, №11, №17, №26, №37, №41 және Заречный орта мектептері мен Хромтау ауданындағы №2, №6 және  Мәртөк ауданының №1 білім беру мекемелерінде ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда сандық білім беру ресурстары, көмекші әдістемелік құралдар, электронды орта мен әдістемелік нұсқаулықтар облыс мұғалімдерінің тәжірибесінде қолдануға  ұсынылды. Оқушыны еркін ойлауға, алдына қойған істі жоспарлап, оны соңына дейін жеткізуге, кедергіге қарсы тұруға бейімдеу эксперимент барысында жүзеге асады. Ол үшін педагог жаңашылдыққа іштей және сырттай дайын болуы керек.

Эксперимент жұмысының негізгі міндеті де сол — әр сабақта оқушының кез келген мәселеге сыни көзқарасын қалыптастырып, оларды ашық, еркін сөйлеуге баулу міндетін орындау арқылы мұғалімнің ішкі уәжін арттыру.

К.РАХАТОВА, 

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы

Ақтөбе облысы бойынша

педагогтердің кәсіби біліктілігін

арттыру институтының аға оқытушысы.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button