«Ақтөбенің» шебер оқырманы»Байқау

Сүйікті кәсібім — балық аулау

Мен Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылында тұрамын. Т.Щевченко атындағы орта мектепте алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ беремін. Әр аптаның демалыс күндері Ырғыз өзеніне барып, балық аулаймын.

Балық аулау — студенттік кезімнен бері қысы-жазы айналысатын сүйікті ісіме айналды. Апта бойы шаршағаның қармақ ұстап, балық аулап отырғаныңда бірден басылады. Шеберлік пен ептілікті, төзімділікті  қажет ететін жұмыс. Қыстыгүні балық аулау оңай шаруа емес. Себебі мұздың бетін ойып, ыңғайлы жерді іздейсің. Мұндай жағдайда мұздың қалыңдығына аса мән беру керек. Балық аулаудың да өзіндік құпиялары бар. Қазір менде үш түрлі қармақ бар. Балықтың түрлеріне қарай әртүрлі қармақ пайдаланамын. Мұны қысқы спорттың бір түрі десек те болады. Күнделікті күйбең тіршіліктен құтылып, та­за ауаға, табиғат аясына шыққанға не жетсін!?

«Ақтөбе» газетінің тұрақты оқырманымын.  Әсіресегазеттің бейсенбілік санын үзбей оқимын. Онда түрлі танымдық, тарихи мақалалар жарық көреді. Ал өз ауданымыздың өзекті мәселелері көтерілсе, жағымды жаңалықтары, ауылдастарымның жетістіктері шығып жатса,  қуанып қаламыз. Сондай-ақ өзім мұғалім болғандықтан білім саласына қатысты жаңалықтардан хабардар болып отырамын.

Толағай СЕЙІТМАҒАНБЕТОВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button