«Ақтөбе» газетін оқитын үздік ауыл» байқауы Байқау

«Ақтөбе» газетін оқитын үздік ауыл» байқауы 

Ауыл тұрғындары облыстық газеттерді іздеп жүріп оқиды. Журналистердің арнайы іссапарлар кезінде болмаса, күн сайын ауылға баруға уақыты да, мүмкіндігі де бола бермейді. Сондықтан оқырманымыздың өзіне қолқа салып отырмыз: өз ауылыңыз туралы өздеріңіз жазып, ауылыңыздың мерейін көтеріңіз!

Бұл мақсатта «Ақтөбе» облыстық қоғамдық-саяси газеті«Біздің ауыл» аталатын байқау өткізгелі отыр. Әркімге өз ауылы ыстық. Әрбір ауылдан келген хатты асыға күтетін боламыз. Ауылдың тыныс-тіршілігі, ауылдың беткеұстар азаматтары, еңбек адамдары мен дарынды балалары, тарихи-мәдени ескерткіштері туралы айтарыңыз болса — мархабат! Мүмкін ауылда «Ақтөбе» газетін бірнеше жылдан бері үзбей алып, оқып келе жатқан оқырманымыз бар шығар? Өзіңіз туралы да жазуға болады.

Байқау болғасын жүлдесі де болады. Ал, біз сіздердің хаттарызды күтеміз!

Хатыңызды aktobegazetibaikau@mail.ru электронды поштасына «Ақтөбе» газетін оқитын үздік ауыл» байқауына деген белгімен жолдасаңыз болды. Немесе 8 7132 55-11-11, 8 777 254 73 63 нөміріне хабарласа аласыздар.

Байқау жүлдегерлері арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button