«Ақтөбенің» шебер оқырманы»Байқау

«Ақтөбенің» шебер оқырманы»

  • БАЙҚАУ!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН!

Сіз шеберсіз бе? Қым-қуыт тірліктен қолыңыз босаған кезде, бәлкім, тоқыма тоқып, іс тігетін боларсыз? Әлде темірден түйін түйіп, ағаштан түрлі бұйымдар жасайсыз ба? Мүмкін, сурет салып, домбыра шертетін шығарсыз? Гүл өсіріп, бау-бақша баптайсыз ба? Мүмкін, аңға шығып, балық аулауды жаныңыз сүйетін шығар?

Мейлі сіз мұғалім, дәрігер шығарсыз, әлде зауытта қарапайым жұмысшы болып істейсіз бе? Мектептегі оқушы, үйде немере бағып отырған зейнеткерсіз бе? Ең алдымен, сіз біздің сүйікті оқырманымызсыз. Ал бізге әр оқырманымыз қадірлі.

«Ақтөбе» облыстық қоғамдық-саяси газеті өз оқырмандары арасында «Ақтөбенің» шебер оқырманы» байқауын жариялайды. Өзіңіздің сүйікті хоббиіңіз туралы жазып, бізге хат жолдаңыз. Сөйтіңіз де, байқаудың тамаша жүлделерінің бірін ұтып алыңыз. Байқауға қатысудың екі талабы ғана бар: сіз біздің оқырман болуыңыз шарт (яғни газетке жазылуыңыз керек) және өзіңіз, туралы шағын мақала жазып, суретіңізбен қоса жолдап жіберсеңіз болғаны.

Хатыңызды aktobegazetibaikau@mail.ru электронды поштасына «Ақтөбенің» шебер оқырманы» байқауына деген белгімен жолдасаңыз болды. Немесе 8 (7132) 55-11-11, 8-777-254-73-63 нөміріне хабарласа аласыздар.

Байқау жүлдегерлері арнайы сыйлықтармен марапатталады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button