БайқауФотобәйге

«Кішкентай кейіпкер»

ФОТОБӘЙГЕ

Биыл — балалар жылы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Осыған орай, газетіміздің бір бұрышын әр шаңырақтың қызығы мен ата-әжесінің сүйікті немерелеріне арнауды жөн көрдік. Жаңа айдар ашып, фотобәйге жариялап отырмыз.

«Кішкентай кейіпкер» айдары сүйкімді сәбилердің суретін күтеді. Еркетайлардың әр қадамын қадағалап, жарқын сәттерін жіберіп алмаңыздар!

Фотобәйгенің шарты: біріншіден, сурет сапалы болуы шарт. Екіншіден,  кішкентай кейіпкердің суретіне ат қойылуы керек. Қасына баланың аты-жөнін және әңгімесін де қоса жазып, aktobegazetibaikau@mail.ru электронды почтасына жолдасаңыз болады.

Фотобәйге осы жылдың 1 маусымында, балаларды қорғау күнінде қорытындыланатын болады.

 «Ақтөбе» газеті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button