Пікір

Патриоттық тәрбие сабақтарын көбейту керек!

Әсет САҒЫНТАЕВ,

Хромтау аудандықполиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция майоры:

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында жасаған мәлімдемесінде күштік құрылымдар мен құқық қорғау органдарының қызметіне де назар аударды.

«Ішкі істер министрлігінің арнаулы мақсаттағы құрылымдарының және Ұлттық ұланның санын ұлғайтып, əскери дайындығын күшейту керек. Қажетті

материалдық-техникалық жабдықтармен қосымша жарақтандыру қажет. Бүкіл күштік құрылымдардағы арнаулы бөлімшелер қызметкерлерінің жалақысы көтерілсін», — деп атап өтті Мемлекет басшысы. Сондай-ақ ол полицейлердің құқықтық қорғалуын арттырып, билік өкілдеріне шабуыл жасау мен заңға бағынбайтындар үшін жауапкершілікті күшейту қажеттігін де баса айтты. Кеше ғана Президент Үкіметке күштік құрылымдардағы қызметкерлердің саны мен сапасын нығайтуға қатысты ұсыныстарды пысықтауды тапсырды. Осы салада тәжірибелі қызметкер ретінде тәуелсіз мемлекетіміздің іргесі берік болуы үшін ең әуелі мектептерде және жоғары, орта арнаулы оқу орындарында патриоттық және ұлттық тәрбиесабақтары көбірек болғаны дұрыс деп ойлаймын. Себебі қазір жеткіншектер әскери немесеполиция қызметкері болуға қызықпайды. Жастардың кейбіреулерінің әскерге барудан қашатынын да жасыра алмаймыз. Осы орайда ел Президенті көтерген әр мәселеге бейжай қарамай, керісінше, жаңа Қазақстанды бірге құру үшін атсалысайық. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болу үшін болашақта «елім, жерім» деп тұратынпатриоттарды қазірден тәрбиелейік.

Басқа жаңалықтар

Back to top button