Білім

Мектеп-лицейі талапқға сай жұмыс жасап тұр

13 қаңтардан бастап облыс «қызыл аймаққа» енді. Соған байланысты жаңа қаулы қабылданып, оқушы саны 600-ден асатын мектептерде сабақ онлайн өтіп жатыр. Балалардың денсаулығын сақтау мақсатында оқу жылының үшінші тоқсанын аралас форматта бастаған білім ордаларының бірі — Новый орта мектеп-лицейі.

Сәрсенбі күні сабақты аралас форматта оқып жатқан мектеп жұмысымен танысып қайтқан едік…

1358 оқушысы бар мектепте бүгінгі таңда 842 бала штаттық режимде, ал 516 бала онлайн форматта білім алып жатыр. Мектепке келіп сабағын дәстүрлі түрде оқып жүрген — 1-4,5,9 сынып оқушылары. Ал 6,7,8,10-11 сынып оқушылары қашықтан білім алуда. Мектеп барлық санитарлық талаптарға сай жұмыс жасап тұр. Оқушылардың дене қызуы мектепке кірер алдында және мектептен шығар алдында үнемі тексеріліп отырады.

— Ұлым осы білім ордасының 8-сыныбында оқиды.Үшінші тоқсанды қашықтан оқып жатыр. Мектептегі барлық жаңалықтардан хабардар болып отырамыз. Ата-аналар комитетінің атынан мектептегі санитарлық жағдайды айта кеткім келеді.  Бұрын да тазалыққа ерекше мән беретін мектепте қазір санитарлық-гигиеналық талаптар тіпті қатаң сақталған. Мектепке кіреберісте үнемі кезекшілер тұрады. «Ashyq»қосымшасы арқылы келген адамның мәртебесі тексеріледі. Сондай-ақ әр кабинетте міндетті түрде залалсыздандыру, кварцтау жұмыстары жүргізіледі, — дейді ата-аналар атынан сөйлеген Самат Қалиев.

Бүгінгі таңда мектеп ұжымы толық вакцина алған. Педагогтердің 50 пайызы ревакцинациядан өткен. Мектеп басшылығы 10-11 сынып оқушыларының да өз еріктері бойынша екпе алып жатқандығын айтты.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button