Жаңалықтар

Құжат алу қанша тұрады?

Елімізде айлық есептік көрсеткіш мөлшері өскен сайын құжат алу бағасы да өзгеріп тұрады.

Биыл айлық есептік көрсеткіш 3063 теңге болып белгіленді. Соған байланысты бірқатар құжатты алу үшін төленетін мемлекеттік баждың мөлшері де өсіп отыр.

Азаматтарға арналған үкімет порталының мәліметтеріне сүйенсек, паспорт алу үшін 8 АЕК немесе 24 504 теңге, жеке куәлік алу үшін 0,2 АЕК немесе 613 теңге мемлекеттік баж салығын төлеу керек.

Ал жүргізуші куәлігін алғыңыз келсе, 1,25 АЕК немесе 3 828 теңгеңіз дайын болсын.

Туу туралы куәлік тегін беріледі, алайда акт жазбасына өзгерту, толықтыру, түзету енгізу немесе оны қалпына келтіру үшін 0,5 АЕК, яғни 1 532 теңге төлеуіңіз қажет болады.

Некені тіркеткіңіз келсе, 1 АЕК немесе 3 063 теңге, ал неке куәлігін екінші рет алған жағдайда 0,5 АЕК немесе 1 532 теңге төлейсіз.

Ажырасуға арыз беру кезінде мемлекеттік баж салығының мөлшері — 2 АЕК немесе 6 126 теңге.

Басқа жаңалықтар

Back to top button