Білім

ІІІ оқу тоқсаны: 6 қала және 600 оқушы

«Мойындауымыз керек, 2-сыныптың оқушыларының арасында мәтінді жүргізіп оқымақ түгілі, әріп танымайтындар да бар. Сол себепті 1-2 сыныптың балалары штаттық режимде оқиды». Облыстың бас ұстазы Жолдас Батырхан өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осылай деді.

«КВИ бойынша ағымдағы жағдай және өңірдің білім беру ұйымдарының оқыту форматтары» тақырыбында өткен шараға облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Райхан Қойшанова мен облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан қатысты.

13 қаңтардан бастап біздің облыс «қызыл» аймаққа енді. Соған байланысты санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралар күшейтілді, қаулы қабылданды.  Оқушы саны 600-ден асатын мектептерд есабақ онлайн түрде өтеді, — деді Райхан Қойшанова.

Кеше ІІІ оқу тоқсаны басталды. Облыста 405 мектеп бар. Онда 160 661 оқушыбілімалады. 282 мектепауылдаорналасқан. Мұндағы 45 386 оқушыдәстүрліформаттабілімалыпжатыр.

Өңірдегі 6 қаладағы —Ақтөбедегі 61, Шалқардағы 6, Алғадағы 4, Хромтаудағы 4, Қандыағаш пен Ембідегі 6 мектепте оқушы саны 600-ден көп болғандықтан сабақ онлайн форматта ұйымдастырылуда. Қарғалы, Ойыл, Байғанин, Әйтеке би, Ырғыз, Мәртөк, Қобда, Темір аудандарындағы білім шаңырақтарының оқушылары мектепке барып оқиды.

2 жылдан астам уақыттан бері ел болып КВИ-мен  күресіп келеміз. Індеттің салдарынан мектептегі білім сапасы төмендеп кеткенін мойындауымыз керек. Тіпті 2-сыныптың кейбір оқушылары әріп танымайды. Сондықтан 1-2 сынып оқушылары мектепте оқиды. Бұл сыныптарда 23 214 бала бар. Сондай-ақ 3-5 сыныптарда оқитын 32 505 бала ата-аналарының өтініші бойынша тиісті мүмкіндіктергеқарай кезекші сыныптарда оқиды. Білімнің негізі — бастауышта. Сол себепті бұл буындағы балалардың білім сапасын төмендетпеуіміз керек, — деді Жолдас Батырхан.

Облыстағы мектеп оқушыларының 1991-і (1,2 пайызы) екпе алған. Олар мектептегі оқушы санына қарамастан, дәстүрлі форматта білім ала алады.

Оқу процесін қашықтан ұйымдастыру үшін педагогтер мен оқушылар  электронды платформаларға қосылды. Мектеп балансындағы компьютерлік техникалар мұқтаж отбасыларына таратылып жатыр.

Өңірдегі 48 қосымша білім беру ұйымы 10 адамнан аспайтын топта, арнайы білім беру ұйымдары жеке немесе 8 адамнан аспайтын топтарда штаттық режимде жұмыстарын жалғастырады, —деді басқарма басшысы.

Айта кету керек, облыстағы мектепке дейінгі ұйымдардың барлығы  (559) штаттық режимде жұмыс жасайды. Онда 43 086 балапан тәрбиеленуде.

Ал 42 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының оқушылары аралас форматта оқитын болады. Оларға лекциялар онлайн, практикалық және лабораториялық сабақтар дәстүрлі форматта өтеді. Екпенің толық курсын алған оқушыларға оқу орны әкімшілігінің шешімімен штаттық режимде оқуға рұқсат беріледі.

 Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button