Пікір

Жанар-жағармай нарығы реттелсе…

Нұрсұлтан ЖАНШИН,

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы:

— Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзі, халыққа үлкен үміт сыйлап, жарқын болашақ жолында сенім ұялатты. Қоғамдағы өзекті мәселелерді атаған Мемлекет басшысы бұлардың шешілу жолдарын ұсынып, тиісті органдарға нақты тапсырмалар берді.

Әсіресе маған «Жылдан-жылға біздің азаматтарымыз бен кәсіпкерлеріміз жанар-жағармай өндіру және оны бөліп-тарату жүйесінің ашық болмауынан зардап шегіп келеді. Тіпті жанар-жағармай бағасын жарты жыл бойы қолдан реттеуге мәжбүр болып отырмыз» деп өзекті мәселені сын тезіне алғаны қуантты. Артынша Бас прокуратура Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен, сондай-ақ Энергетика министрлігімен бірлесіп, осы саладағы жұмыстарды ретке келтіруге тиіс екенін қадап айтқаны көңілден шықты. Менің ойымша, осы түйткіл шешілсе, қоғамдағы көптеген мәселе біртіндеп реттеледі. Өйткені нарықтағы кез келген тауардың бағасы бензиннің құнына қарай құбылатыны айтпаса да түсінікті.

Өз тарапымыздан біз еліміздің одан әрі гүлденіп, дамуы үшін Президентіміздің бастамасын қолдап, жұдырықтай жұмылып атсалысуымыз керек. Көп ұлт пен дін өкілдерін бір шаңырақ астына жинай алған Қазақстанымыздың жарқын болашағына сенемін!

Ақтөбе қаласы. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button