Пікір

Жаңа міндеттер жүктейді

Елубай ТӨЛЕПБЕРГЕН,
Шалқар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ел алдында тұрған тың жоспарларды баяндап, бұқараға үлкен сенім ұялатты. Әрбір мемлекет қара орман халқымен бай. Халық мүмкіндігінше қуатты болуы керек. Сондықтан тұрмыстың түзулігі алғашқы кезекте қаралатын мәселе. Мемлекет басшысы елдің жарқын болашағы үшін Үкіметке үлкен міндеттер жүктеді. Енді жаңарған Үкімет құрамы тың серпінмен жұмыс істейді деп сенеміз. Сондай-ақ Президент, ең алдымен, еліміздің жаңа экономикалық тұғырын қалыптастыруды мықтап қолға алуды тапсырды. Мемлекет кәсіпкерлерге қаржылай көмекпен қатар басқа да қолдау түрлерін ұсынатынын жеткізді. Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Оны тұғырлы етуге бәріміз міндеттіміз. Сондықтан Президентіміз көтерген әрбір мәселеге жұмыла атсалысқанымыз дұрыс. Іргеміз әрдайым бүтін болсын, отаншыл жастарды тәрбиелейік. Ардагерлеріміз бен алдыңғы толқын ағаларымыз бірігіп, еліміздің бірлігі, болашағымыздың беріктігі хақында жүрген ортамызда айта білейік. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button