Жаңалықтар

Құрашасай ауылына дейін жол салынды

Ақтөбе қаласы Астана аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Жамансары Мақашев қала іргесіндегі Құрашасай ауылының тұрғындарымен, ауыл ақсақалдарымен кездесіп, олардың талап-тілектерін тыңдаған еді.

Кездесу барысында ауыл тұрғыны Аманжан Аққасанов сауал қойып, өздерін толғандырған жол мәселесін ортаға салды. Құрашасай ауылында соңғы жылдары жаңа тұрғын үйлер көптеп салынып, халық санының өсуіне байланысты инфрақұрылымы да жақсара бастаған. Алайда орталық жолға жету қиындық туғызып тұрған еді. Сондықтан кездесуге келгендер ауыл мен орталық трассаны жалғайтын жол салып беруге өтініш білдірді. Өйткені ауылдан шығу, әсіресе жауын-шашын күндері қиындық тудыратын.

Осы өтінішті ескеріп, аудандық ардагерлер кеңесінің бастамасымен Астана ауданы әкімдігімен бірлесіп, демеушілердің көмегімен 120 метр  жол салынды. Таяуда осы жол ел игілігіне пайдалануға берілді.

Ауыл тұрғындары осы игілікті іс үшін ардагерлер кеңесіне, оларды қолдаған атқарушы билік пен демеушілерге ризашылықтарын білдіріп, ақсақалдар баталарын берді.

Нұргүл ҚОНАҚБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button