Пікір

Ауызбіршілік — қоғамның басты байлығы

Маржанкүл БЕКЕТОВА,

Шалқар аудандық

Аналар кеңесінің төрайымы:

— Мемлекет басшысының Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында жасаған мәлімдемесін мұқият тыңдадық. Президентіміздің осы отырыста көтерген жаңашыл бастамалары көңіліміздегі алаңдаушылықты дөп басты. Сондай-ақ елдің тыныштығы үшін қауіпсіздік шараларын неғұрлым күшейту қажеттігі туралы баса айтты.

Еліміздің тұтастығы мен тыныштығынан артық не бар? Халықтың әлеуметтік тұрмысына қатысты өзекті мәселелер жаңа Үкіметтің жаңашыл көзқарасымен бірте-бірте түзелеріне сенеміз. Әрбір отбасы өмір сүру деңгейінің жақсы болғанын қалайды. Ол үшін білек сыбана еңбек етуіміз қажет. Әрбір ата-ана отбасында осы еңбектің наны тәтті болатындығын ерте бастан баласының санасына сіңіргені ләзім.

Мемлекет басшысы осы жылды «Балалар жылы» деп белгіледі. Бала — біздің болашағымыз. Оны білімді, мәдениетті етіп тәрбиелеу өзімізге байланысты.

Президент мәлімдемесінде еліміздің экономикалық дамуымен қатар, парасаттылық, мәдениеттілік, білімге құштарлық, ауызбіршілік тұрғысында да жақсы ойлар айтылды. Осы құндылықтарды арттыру, оның жолында бірігіп жұмыс істеу — әрбір қазақстандықтың парызы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button