Басты бет » Жаңалықтар » Ыстық тамақ жеткізді

Ыстық тамақ жеткізді

Төтенше жағдайға байланысты облыс аумағында 10 блок-бекет орнатылған. Әр блок-бекетте құқық қорғау саласының 30 шақтықызметкері тәулік бойы қалаға кірген және шыққан көліктерді тексеріп жатыр. Облыстық волонтерлер лигасының белсенді мүшелері тәулік бойы әр көлікті жіті тексеріп тұрған полиция қызметкерлеріне түскі ас жеткізіп, сусындар үлестірді.

— Елдегі жағдайды біліп отырып, жайбарақат жата алмадық. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін блок-бекеттердегі құқық қорғау саласының қызметкерлеріне ыстық тамақ апаруды жөн көрдік. Екі күн екі бекетке түскі ас апарып келдік, — дейдіоблыстық волонтерлер лигасының белсенді мүшесі Зүлфия Набиуллина. Қаңтардың аязды күнінде блок-бекетте тұрған құқық қорғау саласының қызметкерлері қиын күнде бөлісіп жеген астың дәмі де ерекше болатынын айтып, еріктілерге ризашылықтарын жеткізді.

Облыстық волонтерлер лигасының еріктілері елімізде төтенше жағдай жарияланып, облыста коменданттық сағат енгізілген күні қалалық әкімдікке көмектесіп, «Керуен сити»сауда, ойын-сауық орталығынан Әбілқайыр хан даңғылы бойында жаяу жүріп, тұрғындарға коменданттық сағат туралы ақпарат беріп, үнпарақтар таратты.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.