Жаңалықтар

Ел жаңалықтары

БАҒА БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі баға өсіміне қатысты өтініштерді қабылдау үшін Қазақстанның барлық өңірінде «жедел желі» ашты.

Қазақстандықтар ірі сауда желілері мен супермаркеттердегі әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдеріне, сондай-ақ газ, бензин, дизель отынына, такси қызметтері мен агрегаторлар қызметтеріне бағаның жоғарылау фактілері туралы хабарлай алады.

«Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі өз тарапынан нарық субъектілеріне бағаларды белгілеу және ұстап тұру (бағалық сөз байласу), тауар өндіруді не өткізуді негізсіз шектеу, сондай-ақ тауарға жасанды тапшылық жасау бөлігінде үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактілері ҚР ӘҚБтК-нің 159-бабы бойынша сараланатынын, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері үшін монополиялық кіріс тәркiлене отырып, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға — монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған түсімнің — 3%, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 5% мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатынын ескертеді», — делінген ведомство хабарламасында.

АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ ҮЗІЛІССІЗ ЖЕТКІЗУ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН

Билік өкілдері елімізде сауда нысандарын күрделі кезеңде бағаны қолдан өсірмеуге шақырды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі баспасөз қызметі мәлім етті. «Негізгі азық-түліктер қоры елімізде жеткілікті. Қазіргі уақытта Сауда және интеграция министрлігі өңірлердің әкімдіктері мен сауда объектілерімен бірлесіп азық-түлік тауарларын елді мекендерге үзіліссіз жеткізуді қамтамасыз етуде. Сауда және интеграция министрлігі, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі негізгі тағам тауарларына, дәрі-дәрмек пен жанар-жағармай бағасын алыпсатарлық арқылы қолдан өсіріп, ажиотаж тудырмауға шақырады. Агенттік азық-түлік бағасына күн сайын мониторинг жүргізеді», — делінген агенттіктің мәліметінде.

9 МЛНАДАМ ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ

Қазақстанда 2022 жылғы 10 қаңтардағы мәлімет бойынша 9 014 952 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін салдырды.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналынан мәлім болды.

Коронавирусқақарсы вакцинаның II компонентін 8 551 099 адамсалдырды.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОЛДАР АШЫҚ

Еліміздемаңызы бар автожолдарашық.

«Барлықреспубликалықмаңызы бар автомобиль жолдарыашық. Қысқыкүтіпұстау мен тазартужұмыстарыштаттықрежимдежүріпжатыр», —делінген«Қазавтожол» ұлттық компаниясы таратқанхабарламада.

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫӨЗ ЖҰМЫСЫН ҚАЙТА БАСТАДЫ

10 қаңтарданбастап Алматы қаласы мен Алматы облысынқоспағанда, Қазақстанныңбарлықөңірінде ХҚО-ларөзжұмысынқайтабастады.

Азаматтарға кезең-кезеңімен барлық қызметтер қолжетімді болады, Жамбыл облысының тұрғындары жеке куәліктер мен паспорттарды рәсімдеу жөніндегі қызметтерді уақытша пайдалана алмайды.

Айта кету керек, байланыс сапасына байланысты жұмыс барысында кідіріс болуы мүмкін. Сондай-ақ ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері басқа міндеттерді орындап жатқандықтан, ҚР барлық өңірінде автоХҚО-лар жұмыс істемейді.

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-ның баспасөз қызметі Алматы қаласы мен Алматы облысындағы автоХҚО-лар мен ХҚО-лар жұмысының қайта жанданғаны туралы қосымша хабарлайтын болады.

Бұған дейін Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты ХҚО-лар жұмысын тоқтатқан болатын.

8 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ҰСТАЛДЫ

10 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 7939 адам ұсталды.

ІІМ жедел штабының мәліметінше, Ұлттық ұланның және арнайы бөлімшелердің әскери қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізу кезінде Алматыдағы екі базарда 207 адам ұсталған.

Ұрланған 5 автокөлік және тауар-материалдық заттар (жаңа компьютерлік процессорлар, ноутбуктер, музыкалық орталық), сондай-ақ 2 бірлік тегіс ұңғылы және 4 суық қару тәркіленді.

394 ГВАРДИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ ЗАРДАП ШЕКТІ

Ұлттық гвардия өкілі Қазақстандағы тәртіпсіздіктер барысында зардап шеккендер туралы айтты.

«Ұлттық гвардия сарбаздары тәулік бойы жұмыс істейді. Алматы, Шымкент қалаларындағы және облыс орталықтарындағы бұзақы топтарға қарсы күрес барысында Ұлттық гвардияның 394 адамы зардап шекті. Сондай-ақ жаппай тәртіпсіздіктер барысында Ұлттық гвардияның 90 әскери техникасына зақым келді»,  —деді Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық гвардияның бас қолбасшысы Руслан Жақсылықов.

Сондай-ақ бүгінде Ұлттық гвардия әскери қызметкерлері полиция қызметкерлерімен бірігіп, төтенше жағдай кезінде тәулік бойы жұмыс істеп жатқаны айтылды.

«Әскери бөлімнің жеке құрамы, бөлімшелері елордадағы және басқа да өңірлердегі маңызды нысандарды қорғау мақсатында блок-бекеттерде тұр. Бақылап, күштік құрылымдармен бірге арнайы операция жүргізеді», — деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз өкілі.

— Алматыда жағдай бірқалыпты. Жедел штаб ұйғарымымен қаланың барлық ауданында қылмысқа қатысы бар жайттарды анықтау үшін тексеріс жүргізіліп жатыр. Күштік құрылымдар барлық аудандағы бақылауды өз қолына алды және қала тұрғындарының бейбіт тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатыр, — деді Руслан Жақсылықов.

КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ТАРИФТЕРІ 1 ШІЛДЕГЕ ДЕЙІН КӨТЕРІЛМЕЙДІ

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында реттелетін коммуналдық қызметтерге, атап айтқанда, сумен жабдықтау, су тарту, жылумен, газбен және электрмен жабдықтау тарифтерін көтеруге мораторий енгізілуде. Бұл мораторий 2022 жылғы 1 шілдеге дейін әрекет етеді.

 ДЕПОЗИТТЕР БОЙЫНША ЕҢ ЖОҒАРЫ МӨЛШЕРЛЕМЕ КӨТЕРІЛЕДІ

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКҚ) жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттерінің жекелеген түрлері бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін көтеру туралы шешім қабылдады.

Бүгіннен, яғни11 қаңтардан бастап стандартты өтеу мерзімі 3 және 6 ай жинақ салымдары бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі 2%-ға, ал 12 ай стандартты өтеу мерзімі бар жинақ салымдары бойынша 1%-ға ұлғайтылды.

inform.kz, tengrinews.kz сайттары материалдары бойынша әзірлеген

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button